Тасқала ауданының әкімдігі
091000, БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі 23

«Қолжетімді әкімдік»

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 67 бабының 1 тармағы бойынша, әкімдік арқылы мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе әкімдікпен жалға алынған жеке тұрғын үй қорынан әлеуметтік тұрғын үй алуға болады. Алайда пәтерге кезекке қатаң түрде белгіленген әлеуметтік топтар тұра алады.

Тұрғын үй ала алады:

  1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектері;
  2. жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  3. халықтың әлеуметтік-осал топтары (Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары, кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар, оралмандар, экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар, көп балалы отбасылар; мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары, толық емес отбасылар), соңғы жылдың орташа айлық табысы отбасының бір мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерін құрайтын, яғни 75 822 теңге болатын адамдар (мүгедек балалардан басқа);
  4. мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік мекеме қызметкерлері, әскерилер, ғарышкерлер (үміткерлер);
  5. төтенше жағдайлардан зардап шеккен апаттық тұрғын үй иелері (ЖС «Апаттылық тұрғысынан тұрғын үй инспекциянан анықтама алу»).

Келесі факторлардың бірі  болған жағдайда, Заң бойынша адам тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж болып танылады:

  1. егер оның меншік құқығында тұрғын үй  болмаса (есепке алу сәтінде);
  2. тұрғын үй жағдайлары санитарлық, техникалық нормаларға сай келмейтін болса (ЖС «Санитарлық-техникалық сәйкестік тұрғысынан тұрғын үй инспекциясы бойынша анықтама алу»);
  3. бір пәтерде екі немесе одан көп отбасы тұрса немесе отбасы мүшесінің бірі созылмалы аурудың ауыр түрімен ауырып, онымен тұру мүмкін болмаған жағдайда. 
Қолдану
Бас тарту