Тасқала ауданының әкімдігі
091000, БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі 23

«Қолжетімді әкімдік»

Жаңа жұмыс орнына орналастырылу барысында жұмыс берушімен еңбек қарым-қатынастарының еңбек шартының жасалуы арқылы рәсімдеуі шешуші сәт болып келеді.

Еңбек шартының жасалуы

Еңбек шартын жасасу үшін келесі құжаттар керек:

  1. жеке куәлік немесе төлқұжат (он алты жасқа толмаған тұлғалар үшін туу туралы куәлік);
  2. азаматтығы жоқ тұлғаның ықтияр хаты немесе куәлігі (ҚР территориясында үнемі тұрып жатқан шетелдіктер үшін және азаматтығы жоқ тұлғаларға қатысты);
  3. тиісті білімдерді, ептілікті және икемділікті талап ететін жұмысқа орналасу кезінде білім, мамандық, арнайы білім немесе кәсіби дайындықты растайтын құжат;
  4. еңбек қызметін дәлелдейтін құжат (еңбек өтілі бар тұлғаларға);
  5. әскери есептің құжаты (әскери міндеттілерге және әскери қызметке шақырыліға тиісті тұлғаларға);
  6. алдын ала дәрігерлік куәландырудан өту туралы құжат (Қазақстан Республикасының осы күнгі Кодексі және заңнамасына сәйкес бұндай куәландырудан өтуге міндетті тұлғаларға).

Еңбек шарты нені қамту керек?

1. Тараптардың деректемелері:

  • жұмыс берушінің - жеке тұлғаның ататегі, аты, әкесінің аты (егер ол тұлғаны растайтын құжатта көрсетілсе), оның тұрақты тұрғылықты жерінің мекенжайы және тұратын жері бойынша тіркелу жайлы мағлұматтар, тұлғаны растайтын құжаттың аталуы, нөмірі және берілу күні;
  • жеке сәйкестендірме нөмірі (бизнес-сәйкестендірме нөмірі);
  • жұмыскердің ататегі, аты, әкесінің аты (егер ол тұлғаны растайтын құжатта көрсетілсе) оның тұрақты мекендеу орнының адресі және тұрғылықты жері бойынша тіркелу жайлы дәйектер,  жеке тұлғасын растайтын құжаттың аталуы, нөмірі, құжаттың берілу күні, дербес сәйкестендіру нөмірі;
  • жұмыс берушінің – заңды тұлғаның есімі, оның орналасқан жері, жұмыс берушінің – заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуінің нөмірі және датасы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі).

2. Еңбек міндеттері (белгілі бір мамандық, кәсіп, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмыс).

3. Жұмыстың орындалу орны.

4. Еңбек шартының мерзімі.

5. Жұмыстың басталу күні.

6. Жұмыс уақытының және демалу уақытының тәртібі.

7. Жұмысты төлеудің көлемі және басқа да жағдайлар.

8. Жұмыс жағдайларының мінездемесі, кепілдер және жеңілдіктер, егер жұмыс қиын жұмыстарға қатысты болса және (немесе) залалды және (немесе) қауіпті жағдайларда орындалса.

9. Жұмыскердің құқықтары және міндеттері.

10. Жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері.

11. Еңбек шартының өзгертуінің дәне тоқтауының тәртібі.

12. Тараптардың жауапкершілігі.

13. Дәйектеменің мезгілі және реттік нөмірі.

Жұмыскердің қандай құқықтары сақталуы тиіс

Жұмыскердің келесідей құқықтары бар:

  1. Еңбек Кодексінде көзделген тәртіппен және жағдайларда еңбек шартын жасасуға, өзгертуге, толықтыруға, тоқтатуға және бұзуға;
  2. жұмыс берушіден еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын орындауды талап етуге;
  3. еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға;
  4. еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы толық және анық ақпарат алуға;
  5. еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарына сәйкес уақтылы және толық көлемде жалақы төленуіне;
  6. бос тұрып қалғаны үшін осы Кодекске сәйкес ақы төленуіне;
  7. тынығуға, оның ішінде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына;
  8. егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, кәсіптік одақ құру, сондай-ақ оған мүше болу құқығын қоса алғанда, өзінің еңбек құқықтарының берілуі мен оларды қорғау үшін бірігуге;
  9. өз өкілдері арқылы ұжымдық келіссөздерге және ұжымдық шарт жобасын әзірлеуге қатысуға, сондай-ақ қол қойылған ұжымдық шартпен танысуға;
  10. еңбек міндеттерін орындауға байланысты денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге;
  11. міндетті әлеуметтік сақтандырылуға;
  12. еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандырылуға;
  13. кепілдіктерге және өтемақы төлемдеріне;
  14. өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға;
  15. бірдей еңбегі үшін қандай да бір кемсітусіз бірдей ақы алуға;
  16. жеке еңбек дауын шешу үшін осы Кодексте көзделген тәртіппен рет-ретімен келісім комиссиясына, сотқа жүгінуге;
  17. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнына;
  18. Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ еңбек, ұжымдық шарттарда көзделген талаптарға сәйкес жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етілуге;
  19. өзінің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін ахуал туындаған кезде, бұл туралы тікелей басшының немесе жұмыс берушінің өкілін хабардар ете отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға;
  20. еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттiк органға және (немесе) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайларын зерттеп қарауды жүргізу туралы өтініш білдіруге, сондай-ақ еңбек жағдайларын, қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды жақсартуға байланысты мәселелерді тексеру мен қарауға өкілдік етіп қатысуға;
  21. жұмыс берушінің еңбек және онымен тікелей байланысты қатынастар саласындағы әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;
  22. біліктілігіне, еңбектің күрделілігіне, орындалған жұмыстың саны мен сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына сәйкес еңбегіне ақы төленуіне;
  23. осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен, ереуілге құқықты қоса алғанда, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешуге;
  24. жұмыс берушіде сақталатын дербес деректерінің қорғалуын қамтамасыз етуге құқығы бар.
Қолдану
Бас тарту