Тасқала ауданының әкімдігі
091000, БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі 23

«Қолжетімді әкімдік»

ЭЦҚ кілттерін алуға онлайн-өтінім беру үшін сізге NCALayer бағдарламасын орнату қажет.

Сіздің ЭЦҚ жабық кілттеріңіз сыртқы құрылғыда немесе файлдық жүйеде генерацияланатын болады. Берілген өтінімді растау үшін қажетті құжаттар пакетін жинаңыз да, "азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ (ХҚКО) жүгініңіз. Содан кейін берілген өтінім нөмірі бойынша тіркеу куәліктерін орнатыңыз.

Жеке тұлға үшін сізде болуы керек:
өтінім бергеннен кейін қалыптастырылған, өтінім нөмірі және өтінім берушінің қолы қойылған өтініш;

жеке басты куәландыратын құжат;

көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) мүдделерін үшінші тұлға білдірген кезде – ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін беруге құжаттарды ұсыну және сенімхатта айқындалған тапсырманы орындау үшін тиісті құжаттарға қол қою өкілеттігін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) өкіліне нотариат куәландырған сенімхат.

Заңды тұлға үшін сізде болуы керек:

бірегей өтінім нөмірі бар ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін беруге өтініш;

жеке басты куәландыратын құжат;

заңды тұлғадан ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін бір жолғы алуға немесе кері қайтарып алуға сенімхат;

көрсетілетін қызметті алушының заңды тұлғасын заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама не куәлік (бар болса).

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ (ХҚКО) жүгінгенге дейін заңды тұлғаның қызметкеріне тіркеу куәліктерін алу үшін заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға портал арқылы тіркеу куәліктерін беруге заңды тұлғаның қызметкері берген өтінімді өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландыру арқылы растайды.

Заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға үшін сенімхаттың орнына жұмыс орнынан анықтама не заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған бірінші басшыны немесе оның міндетін атқарушы тұлғаны лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың (шешімнің, хаттаманың) көшірмесі ұсынылады.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы "КЕ АҚ (ХҚКО) операторы өтінімді растағаннан кейін, шығарылған ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін"өтінімнің мәртебесін тексеру сервисі" арқылы орнатыңыз. Егер өтінімге "өтінім бойынша шығарылған тіркеу куәліктері"мәртебесі берілген жағдайда, тіркеу куәліктері орнатуға жатады.

ЭЦҚ қайта шығару
Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) бір жыл мерзімге беріледі. ЭЦҚ қолданылу мерзімі өткеннен кейін жарамсыз болып саналады және тиісінше Сіз қандай да бір қызметтерді ала алмайсыз.

Сіз өзіңіздің ЭЦҚ-ны жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін Ұлттық куәландыру орталығының (ҚР ҰКО) сайтында қайта шығара аласыз.

ЭЦҚ қолданылу мерзімі-1 жыл тек файлдық жүйеге қолданылады. Егер ЭЦҚ кілттерін жазу қорғалған тасығыштарда (жеке куәлік, Kaztoken, Etoken, Akey, JaCarta) жүргізілсе, онда жарамдылық мерзімі 3 жыл болады.

Қолдану
Бас тарту