Тасқала ауданының әкімдігі
091000, БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі 23

«Қолжетімді әкімдік»

Жер учаскесі бір нысаналы мақсатта сатып алынатын, ал іс жүзінде оның меншік иесі немесе жер пайдаланушы әртүрлі себептерге байланысты осы жер учаскесін басқа мақсаттарда, яғни тиісті құжаттарда айқындалған мақсатсыз пайдаланатын жағдайлар жиі кездеседі. Осыған байланысты сұрақ туындайды: жер учаскесінің мақсатын қалай өзгертуге болады?

Ол үшін сізге учаскенің орналасқан жері бойынша әкімдікке тиісті өтініш беру қажет.

Өтінішті қайда беру керек?

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге мүдделі жеке және заңды тұлғалар өтініште толық ақпарат береді:

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының филиалы арқылы;
"электрондық үкімет" веб-порталы арқылы.

Қажетті ақпарат

Өтініште мынадай мәліметтер көрсетіледі:

жер учаскесінің кадастрлық нөмірі;
жер учаскесінің сұралып отырған нысаналы мақсаты;
жер учаскесінің ауданы;
жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарының нөмірі мен күні;
Өтініш берушінің ЖСН;
Аты-ЖӨНІ толығымен;
Жер учаскесінің мекенжайы
Осы өтінішке уәкілетті орган бекіткен жер учаскесін бағалау актісі қоса беріледі.

Жердің нысаналы мақсатын өзгертуге арналған өтінішті қарау кезінде әкімдік жердің меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан нысаналы мақсатын өзгерту қажеттігін растайтын қосымша құжаттарды сұратуға құқылы.

Өзгерту тәртібі

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті қарауға қабылдау;
жер учаскесін сұралып отырған нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау;
мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы не келісу органдарында осы жүйелер болмаған кезде қағаз жеткізгіштерде жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті келісу;
Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар құратын комиссияның қорытындысын дайындау;
елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты құрылыс мақсаттары үшін өзгерген жағдайда, жер учаскесінің жер-кадастрлық жоспарын жасау;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің құзыреті шегінде жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім қабылдауы.
Өтінішке қабылданған күні бойынша тіркеу нөмірі беріледі және өтініш берушіге өтініш берілгенін растайтын хабарлама беріледі, онда жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту не одан бас тарту мәселесі бойынша шешімді алған күн көрсетіледі.

Қосымша ақпарат

Жер учаскесін сатып алу қажет болған жағдайда жер учаскесінің кадастрлық құны туралы акт беру керек.

Өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшін өтеусіз берілген жер учаскесінің нысаналы мақсаты жер учаскелерін ақылы беру көзделген өзге де мақсаттарға өзгерген кезде, жер учаскесінің меншік иесі өзгертілген нысаналы мақсаты үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы бюджет кірісіне төлеуге міндетті.

Мемлекет мұқтажы үшін алып қойылған жерді, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін, сондай-ақ елді мекен шегі шегінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ауыл және орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оны ауыл шаруашылығына пайдалануды қоспағанда, нысаналы мақсаты өзгерген кезде, аталған жер учаскесінің меншік иесі өзгертілген нысаналы мақсаты үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кадастрлық (бағалау) құны мен елді мекен аумағының бағасы арасындағы айырмаға тең соманы бюджетке төлеуге міндетті., бұл жер бұрын мемлекеттен сатып алынған.

Қолдану
Бас тарту