Тасқала ауданының әкімдігі
091000, БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі 23

«Қолжетімді әкімдік»

Жетім бала немесе ата-анасының қамқоршылығысыз қалған бала (мысалы, ата-аналық құқықтан айыру жағдайында), 18-29 жасында мемлекеттен тұрғын үй алу үшін кезекке тұра алады.

Бас тартуға себеп болатын жағдайлар:

  1. сіз жетім емессіз не ата-ананың қамқоршылығындасыз;
  2. сіз ата-анаңыздан не олардың қамқоршылынынан 18 жасқа толғаннаң кейін айырылдыңыз;
  3. сіздің жасыңыз 29 жастан асып кетті немесе 18 жасқа жетпеді;
  4. сізде өзіңіздің тұрғын үйіңіз бар.

Қызметті egov.kz порталында қалай алуға болады?

Сізге қажет:

  1. ЭЦҚ алу (электрондық цифрлық қолтаңба);
  2. өтінішті тапсыру және оның ЭЦҚ-ын куәландыру;
  3. тіркеу орны бойынша «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» (ХҚКО) Тасқала аудандық филиалында қызметті алу үшін қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркеу.

Қызмет көрсету мерзімі: 30 күнтізбелік күн. Мемлекеттік баж төленбейді.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: кезектіліктің кезекті нөмірін көрсете отырып, тіркеу туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті беруден бас тарту туралы негізделген жауап.

Тіркеу орны бойынша «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» (ХҚКО) Тасқала ауданы аймақтық бөлімшесінде қалай қызмет алуға болады?

Келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  1. коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адам ретінде тіркеу туралы өтініш, инспекторға коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйдің болуы немесе болмауын тексеру туралы келісім;
  2. жеке тұлғаны куәландыратын құжат;
  3. республикалық маңызы бар қалаларда (Тасқала ауданы) кемінде үш жыл тұру фактісін растайтын куәлік;
  4. некеге тұру (2008 жылғы 1 маусымға дейін), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы (2007 жылдың 13 тамызына дейін), балалар туылуы (2007 жылғы 13 тамызға дейін) туралы куәлік адамның сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі.

Қызмет көрсету мерзімі: 30 күнтізбелік күн. Мемлекеттік баж төленбейді.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: кезектіліктің кезекті нөмірін көрсете отырып, тіркеу туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті беруден бас тарту туралы негізделген жауап.

Қолдану
Бас тарту