Тасқала ауданының әкімдігі
091000, БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі 23

«Қолжетімді әкімдік»

Сіз тұрғын үйдің қолайсыз жоспарлануын өзгерту туралы ойланған шығарсыз - бір бөлмені кішірейту есебінен басқа бөлмені кеңейту, кедергі келтіруші қабырғаны алып тастау немесе, керісінше, қосымша қабырғамен кеңістігін шектеу.

«Жеке тұрғын үй құрылысы туралы» Заңның 6-бабында атап өтілгендей, құрылыстық және өзге де міндетті нормалар мен ережелерді бұзбай, меншік иесі қайта жоспарлауды, қайта қалпына келтіруді, немесе үйді қайта жабдықтауды жүргізуге құқылы, ол үшін:

  1. үй-жайларды жоспарлауда жүргізілетін өзгерістерге жауапты органдардан рұқсат алу қажет;
  2. Тасқала ауданы Сәулет және қала құрылысы басқармасымен келісілмеген  қайта қалпына келтіру, қайта жоспарлау немесе қайта жабдықтау өз бетінше істелген деп танылады.

Қайта жоспарлау, қайта қалпына келтіру немесе үйді қайта жабдықтау келесідей рәсімдер сақтала отырып жүргізілуі тиіс.

Сәулет-жоспарлау тапсырмасын алу

Үй-жайды функциялық өзгерту кезінде нысанды қайта жоспарлау, қайта қалпына келтіру, қайта жабдықтау  үшін сізге сәулет-жоспарлау тапсырмасын алу қажет: 

1. Еgov.kz порталында. 

Ол үшін сіз келесілерді жасауыңыз қажет:

  1. ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) алу;
  2. авторизациядан өту және бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну  туралы өтініш беру;
  3. электрондық көшірмелері қоса тіркеу:
  • жер теліміне құқық белгілейтін құжат немесе қайта қалпына келтіруге (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) Тасқала ауданы Сәулет және қала құрылысы Басқармасының шешімі. Қандай құжаттар құқық белгілейтіндерге жататындығын мұнда білуге болады;
  • жобалауға арналған бекітілген тапсырма;
  • техникалық шарттар үшін сауалнама парағы.

Бастапқы материалдарды алу үшін электронды көшірмелері қоса тіркеу:

  1. бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды беру  туралы өтініш. Бастапқы материалдар – сәулет-жоспарлау тапсырмасы, техникалық шарттар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең профильдері, сыртқы инженерлік желілер трассасының сұлбасы;
  2. жер теліміне құқық белгілейтін құжат немесе қайта қалпына келтіруге (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) Тасқала ауданы Сәулет және қала құрылысы Басқармасының шешімі;
  3. жобалауға арналған бекітілген тапсырма;
  4. инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық шарттардың сауалнама парағы;
  5. топографиялық түсірілім. 

Қызмет көрсету мерзімі: техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес нысандарды жобалау өтінішін қарау – 6 жұмыс күні. Бастапқы материалдарды алу үшін (сәулет-жоспарлау тапсырмасы, техникалық шарттар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең профильдері, сыртқы инженерлік желілер  трассасының сұлбасы) – 15 жұмыс күні.

Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі нысандарды жобалау өтінішін қарау – 15 жұмыс күні. Бастапқы материалдарды алу үшін (сәулет-жоспарлау тапсырмасы, техникалық шарттар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең профильдері, сыртқы инженерлік желілер  трассасының сұлбасы) – 17 (он жеті) жұмыс күн ішінде.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: келесідей бастапқы материалдар қосымшасымен сәулет-жоспарлау тапсырмасы:

  1. техникалық шарттар;
  2. сыртқы инженерлік желілер трассасы сұлбасы;
  3. егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі;
  4. тік жоспарлау белгілері;
  5. жолдар мен көшелердің көлденең профильдері.

2. Тіркелген орны бойынша Тасқала ауданы «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы»  КЕАҚ аудандық бөліміне.

Сізге қажетті құжаттар:

  1. бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды беру  туралы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);
  3. жобалаушының мөрімен куәландырылған және қол қойылған, тапсырыс берушімен бекітілген жобалауға арналған тапсырма;
  4. жер теліміне құқық белгілейтін құжат немесе қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта қалпына келтіруге (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) Тасқала ауданы Сәулет және аудан құрылысы Басқармасының шешімі;
  5. инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық шарттардың сауалнама парағы қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық шарттардың сауалнама парағы.

Бастапқы материалдарды алу үшін:

  1. бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды беру  туралы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат;
  3. жобалауға арналған бекітілген тапсырма;
  4. жер теліміне құқық белгілейтін құжат немесе қайта қалпына келтіруге  (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) жергілікті атқарушы органның шешімі;
  5. инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық шарттардың сауалнама парағы;
  6. топографиялық түсірілім.

Қызмет көрсету мерзімі: техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес нысандарды жобалау өтінішін қарау – 6 жұмыс күні. Бастапқы материалдарды алу үшін (сәулет-жоспарлау тапсырмасы, техникалық шарттар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең профильдері, сыртқы инженерлік желілер  трассасының сұлбасы – 15 жұмыс күні.

Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі нысандарды жобалау өтінішін қарау – 15 жұмыс күні. Бастапқы материалдарды алу үшін (сәулет-жоспарлау тапсырмасы, техникалық шарттар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең профильдері, сыртқы инженерлік желілер  трассасының сұлбасы) – 17 (он жеті) жұмыс күн ішінде.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: келесідей бастапқы материалдар қосымшасымен сәулет-жоспарлау тапсырмасы:

  1. техникалық шарттар;
  2. сыртқы инженерлік желілер трассасы сұлбасы;
  3. егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі;
  4. тік жоспарлау белгілері;
  5. жолдар мен көшелердің көлденең профильдері.

3. Тасқала ауданы Сәулет және қала құрылысы Басқармасына

Ол үшін сіз келесілерді ұсынуыңыз қажет:

  1. бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды беру  туралы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат;
  3. жобалауға арналған бекітілген тапсырма көшірмесі;
  4. жер теліміне құқық белгілейтін құжат немесе қайта қалпына келтіруге (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) берілген шешім көшірмесі;
  5. инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық шарттардың сауалнама парағы.

Бастапқы материалдарды алу келесілерді үшін ұсыну қажет:

  1. бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды беру  туралы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);
  3. жер теліміне құқық белгілейтін құжат немесе қайта қалпына келтіруге  (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) жергілікті атқарушы орган берген шешім көшірмесі;
  4. инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық шарттардың сауалнама парағы.

Қызмет көрсету мерзімі: 6 (алты) жұмыс күні. Бастапқы материалдарды алу үшін (сәулет-жоспарлау тапсырмасы, техникалық шарттар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең профильдері, сыртқы инженерлік желілер трассасының сұлбасы) – 15 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: келесідей бастапқы материалдар қосымшасымен сәулет-жоспарлау тапсырмасы:

  1. техникалық шарттар;
  2. сыртқы инженерлік желілер трассасы сұлбасы;
  3. егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі;
  4. тік жоспарлау белгілері;
  5. жолдар мен көшелердің көлденең профильдері.

Қайта жоспарлау жобасын жасау

Бұл кезең тұрғын үйді жоспарлаудағы кез келген өзгерістердің бастапқы рәсімі болып табылады. Сіз осы қызмет түріне лицензиясы бар компанияға қайта жоспарлау жобасына тапсырыс бере аласыз.

Сізге ұсынуға қажетті құжаттар: 

  1. тұрғын үйге құқық белгілейтін құжат; құқық белгілейтін құжаттарға қатысты мұнда білуге болады;
  2. тұрғын үй техтөлқұжаты.

Қызмет көрсету мерзімі: лицензиясы бар компаниямен ескеріледі. 

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: қайта жоспарлау жобасын алу.

Қайта жоспарлауға рұқсат алу

Сізге үйді, пәтерді салмақ түсетін және қоршайтын конструкцияларды, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысы жоқ қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға және қайта қалпына келтіруге рұқсат алу үшін, сізге өтінішпен жүгінуіңіз қажет:

1. Тіркелген жері бойынша Тасқала ауданы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ аудандық бөлімінде.

Ол үшін сізге келесілерді істеу қажет:

  1. белгіленген нысанда өтініш беру;
  2. өтініште келесілерді көрсету:
  • қызмет алушының Т.А.Ә., ЖСН, пошталық мекенжайы мен телефонын;
  • өзгертілуге жататын нысанның мекенжайы (орналасқан орны);
  • үй-жайды немесе ғимараттың өзге бөліктерін өзгертудің мақсаты.

3. өтінішке келесілер қоса тіркеледі:

  • өзгертілетін нысанның меншік құқығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері мен түпнұсқалары. Құқық белгілейтін құжаттарға қандай құжаттардың жататынын мұнда білуге болады;
  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • техникалық төлқұжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі.
  • нысанның белгіленген өзгерісіне меншік иелерінің (тең меншік иелерінің) жазбаша келісімі;
  • егер үй-жайларға (тұрғын үйдің бөліктерін) жоспарланған қайта құру (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үйдің бөліктерімен) көршілес басқа үй-жайлардың (үйдің бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын жағдайда, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі;
  • сейсмикалық қауiптiлiгi жоғары аудандарда немесе өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық) жағдайлардағы қолданыстағы құрылыстарда орналасқан үй-жайларды қайта құру мүмкіндігі туралы техникалық тексерудің қорытындысы;
  • техникалық (эскиздік) жобасы (егер үй-жайға функционалдық өзгерту жасау жоспарланса).

Ескерту: жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу құжаттары туралы мәліметтерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы қызмет көрсетуші мен Мемлекеттік корпорацияның қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Қызмет көрсету мерзімі: 10 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерді) қайта жоспарлау (қайта құру, қайта жабдықтау) туралы шешім.

2. Тасқала ауданының сәулет және қала құрылысы басқармасына

Ол үшін сізге келесілерді жасау қажет:

1. өтініште келесілерді көрсету қажет:

  • қызмет алушының Т.А.Ә., ЖСН, пошталық мекенжайы мен телефонын;
  • өзгертілуге жататын нысанның мекенжайы (орналасқан орны);
  • үй-жайды немесе оның өзге бөліктерін өзгерту мақсаты.

2. өтінішке келесілер қоса тіркеледі:

  • өзертілетін нысанға меншік құқығын куәландыратын құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері. Құқық белгілейтін құжаттарға қандай құжаттар жататынын мұнда білуге болады;
  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • техникалық төлқұжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі;
  • нысанның белгіленген өзгерісіне меншік иелерінің (тең меншік иелерінің) жазбаша келісімі;
  • егер үй-жайларға (тұрғын үйдің бөліктеріне) жоспарланған қайта құру (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үйдің бөліктерімен) көршілес басқа үй-жайлар (үйдің бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын жағдайда, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі;
  • сейсмикалық қауiптiлiгi жоғары аудандарда немесе өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық) жағдайлардағы қолданыстағы құрылыстарда орналасқан үй-жайларды қайта құру мүмкіндігі туралы техникалық тексеру қорытындысының көшірмесі;
  • техникалық жобасы (егер үй-жайға функционалдық өзгерту жасау жоспарланса).

Қызмет көрсету мерзімі: 10 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) қайта жоспарлау (қайта құру, қайта жабдықтау) туралы шешім.

Үй-жайды қайта жоспарлау, қайта құру және қайта жабдықтауға рұқсат беруден бас тарту себептері

Тасқала ауданының сәулет және қала құрылысы басқармасы келесі жағдайларда үй-жайды қайта жоспарлауға, қайта құру және қайта жабдықтауға рұқсат беруден бас тартуға құқығы бар, егер:

  1. өзгертулер қолданыстағы нысандардың тіреу және (немесе) сыртқы қоршау конструкцияларын (іргетастарды, негіздерді, қаңқаларды, бағандарды, тіреулерді, арқалықтарды, ригельдерді, фермаларды, сыртқы қабырғаларды, жабындының ішкі тіреу қабырғаларын, баспалдақ алаңшасы мен марштарын, лифт шахталарын және т.с.с.) қамтитын немесе олардың сәулеттік шешімін конструктивті өзгертетін болса;
  2. көршілес үй-жайлардың иелері немесе көршілер шекараның немесе функционалдық мақсатының өзгеруімен келіспесе;
  3. егер өзгерістер инженерлік желілердің жұмысына кері әсерін тигізсе және үй-жайдың сейсмикалық төзімділігі мен өзге де сипаттамаларын бұзатын болса.

Дәлелді бас тарту орын алған жағдайда оның себептері мен оларды жою үшін нақты ескертпелер беріледі. Ескертпелерді жойғаннан кейін өтінішті қайтадан бересіз.

Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу туралы хабарлама

Сіз жұмыс басталғанға дейін Тасқала ауданы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізетініңіз туралы хабар беруіңіз қажет.

Аталған рәсім жаңа реформаға сәйкес хабарлама сипатында болады. Бұл қызметті elicense.kz электрондық лицензиялау порталында алуға болады.

Ол үшін сізге келесі құжаттарды ұсыну қажет: 

  1. қолданыстағы ғимараттардағы (құрылыстардағы) үй-жайларға (жекелеген бөліктеріне) қайта құру, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау жүргізу туралы Тасқала ауданының сәулет және қала құрылысы басқармасының шешімі; 
  2. өзгертілетін үй-жайға (ғимараттың бөлігіне) меншік құқығын куәландыратын құжаттар;
  3. қосымша жер телімінің жеріне тиісті құқық (егер жоспарланып отырған өзгеріс қосымша жер телімін бөлуді (кесіп беруді) қарастыратын болса) ұсыну туралы шешім;
  4. қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта құру (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) бойынша жобалық (жобалық-сметалық) құжаттама;
  5. сараптаманың оңды қорытындысы (сараптама жүргізілген жағдайда);
  6. өзгертілетін үй-жайлармен (үйдің бөліктерімен) көршілес басқа үй-жайлардың (үйдің бөліктері) меншік иелерінің нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі (егер үй-жайларға (тұрғын үйдің бөліктеріне) жоспарланған қайта құру (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру олардың мүдделерін қозғайтын жағдайда).

Тұрғын үй жоспарында өзгерістерді жүзеге асыру және жаңа техникалық төлқұжат алу

Хабарлама бергеннен кейін лицензиясы бар құрылыс ұйымын іздеуге және оны жалдауға кірісіп, ойластырылған қайта жоспарлауды (қайта құру немесе қайта жабдықтауды) іске асыруға болады.

Сіз тұрғын үй жоспарына өзгерістер енгізуді іске асырсаңыз, жаңа техникалық төлқұжат алуыңыз тиіс:

1. Еgov.kz порталынан. 

Ол үшін сізге келесілерді істеу қажет:

  1. ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) алу; 
  2. авторлану және сұрау салу;
  3. сұрауға бар болған жағдайда мүліктің қолданыстағы техникалық төлқұжатын және (немесе) жер теліміне арналған сәйкестендіру құжаттарын қоса отырып жылжымайтын мүлік нысанының құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмелерін тіркеу;

      4. техникалық төлқұжатты бергені үшін мемлекеттік баждың (екінші деңгейлі банктердің немесе «Қазпошта» АҚ-ның есептік-кассалық бөлімдерінде) төленгені туралы түбіртек;

      5. Жеке кабинетіңізде өтініштің өңделгені туралы хабарламамен таныса аласыз. 

Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төленетін мемлекеттік бажды сіз сондай-ақ, кез-келген банктің төлем картасының көмегімен «электрондық» түрде немесе www.adilet.gov.kz, сайтының «Мемлекеттік қызметтер» тарауында орналастырылған Бағалар көрсеткішіне сәйкес дербес шотты көрсете отырып төлей аласыз.

Электрондық төлем жүргізуге алынатын комиссия 100 теңгені құрайды.

Жылжымайтын мүлік нысанының техникалық төлқұжатын алу  барысында жылжымайтын мүлік нысанын  мемлекеттік техникалық тексеру бойынша орындалған жұмысқа толық ақы төлеу (қосымша ақы) баға көрсеткішіне сәйкес жүргізіледі.

Қызмет көрсету мерзімі: жеке кабинетте бейнеленеді.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: техникалық төлқұжаттың дайындығы туралы және оның «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясынан» КЕАҚ алынатын күні мен орны көрсетілген хабарлама.

Жылжымайтын мүліктің техникалық төлқұжатын алу үшін сізге белгіленген күні Тасқала ауданының «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына» КЕАҚ бару қажет.

2. Тіркелген жері бойынша Тасқала ауданы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының» КЕАҚ аудандық бөлімінде.

Ол үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  1. техникалық төлқұжат беру туралы өтініш;
  2. жеке басты куәландыратын құжат;
  3. бар болған жағдайда жылжымайтын мүліктің қолданыстағы техникалық төлқұжатын  және (немесе) жер теліміне жеке меншік құқығын беретін актін қоса отырып жылжымайтын мүлік нысанына құқық белгілейтін құжат. Қандай құжаттардың құқық белгілейтін құжаттарға жататынын мұнда білуге болады;
  4. www.adilet.gov.kz сайтының «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған баға көрсеткішіне сәйкес көрсетілген қызметтерге  мемлекеттік баж салығын төлегені туралы түбіртек.

Мемлекеттік баж екі кезеңде төленеді – өтініш берген кезде және техникалық төлқұжатты алған кезде. Жылжымайтын мүлік нысанының техникалық төлқұжатын алу  барысында жылжымайтын мүлік нысанын  мемлекеттік техникалық тексеру бойынша орындалған жұмысқа толық ақы төлеу (қосымша ақы) баға көрсеткішіне сәйкес жүргізіледі.

Қызмет көрсетудің мерзімі: пәтерлерге, жатақханалардағы бөлмелерге техникалық төлқұжат үшінші жұмыс күні беріледі. Жеке тұрғын үйлерге, жеке гараждарға, саяжай құрылыстарына техникалық төлқұжат 5-ші жұмыс күні беріледі.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: жылжымайтын мүлік нысанының техникалық төлқұжаты.

Нысанды пайдалануға қабылдау

Құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтаған кезде сіз мердігерден нысанның дайындығы туралы жазбаша хабарлама ала салысымен (егер нысан мердігерлік тәсілмен салынса) оны қабылдау рәсіміне кірісу қажет. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заң күшіне енді, оған сәйкес нысанды комиссиялық жолмен пайдалануға қабылдау алынып тасталды.  «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңының 74 бабына сәйкес тұрғын үй иесі құрылысы аяқталған техникалық күрделі емес нысандарды пайдалануға қабылдауды өз бетінше жүзеге асырады.

Нысанды пайдалануға қабылдау актіне келесілер қол қояды:

  1. тапсырыс беруші (сіз);
  2. мердігер (құрылыс бригадасы);
  3. авторлық қадағалау (жобалық-сметалық құжаттамасын орындаған компания);
  4. техникалық қадағалау (техникалық қадағалау туралы шарт жасалған компания). 

Барлығы нысанды пайдалануға қабылдаудың 4 актіне қол қойылуы тиіс. Бұл дегеніміз үдерістің барлық көрсетілген қатысушылары құрылыс нормаларының сақталмауы салдарынан азаматтардың денсаулығына немесе өміріне төнетін қауіп-қатер үшін әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік тартады дегенді білдіреді. 

Құрылыс аяқталғаннан кейін сізге:  

  1. мердігер (құрылыс бригадасы) – орындалған құрылыс-монтаждық жұмыстардың  бекітілген жобаға сәйкестігі туралы мағлұмдама ұсынады;
  2. техникалық қадағалау (шарт бойынша техникалық қадағалауды жүзеге асыратын компания) – құрылыс-монтаж жұмыстарының сапалы орындалғанын растайтын қорытындыны;
  3. авторлық қадағалау – орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының бекітілген жобалық шешімдерге сәйкестігі туралы қорытындыны.

Құрылысы аяқталған күрделі емес нысандарды өз бетінше пайдалануға қабылдау рәсімі келесі негізгі кезеңдерден тұрады:

  1. меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдау актісін рәсімдей отырып, техникалық күрделі емес нысанды пайдалануға қабылдау;
  2. жобалық (жобалық-сметалық) құжаттаманың немесе эскиздің (эскиздік жобаның), нысандарды жобалау үшін берілген бастапқы материалдардың (құжаттардың) және қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттар талаптарының сақталуын тексеру;
  3. егер нысан мердігерлік тәсілмен салынған жағдайда орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының, қолданылған құрылыс материалдарының (бұйымдардың, конструкциялардың) және жабдықтың жобалық (жобалық-сметалық) құжаттамаға немесе эскизге (жобаның эскизіне), сондай-ақ мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерге сәйкестігін тексеру.

Актiге қол қойылған күн меншік иесі қабылдаған нысанның пайдалануға берілген күнi деп есептеледi.

Әрі қарай Тасқала ауданы Сәулет және қала құрылысы басқармасының аудандық бөлімінде нысанды қабылдау туралы актіге қол қойдырған жөн.

Ол үшін сізге келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  1. Тасқала ауданы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге берген рұқсаты;
  2. «Мемсараптама» РМК берілген жағдайға байланысты басқа да ұйымдардың (коммуналдық, сейсмологиялық, экологиялық қызметтер) берген рұқсаты; 
  3. әкімдікпен және қалалық қызметтермен берілген сәулет-жоспарлау тапсырмасы және техникалық шарттары;
  4. жобалық-сметалық құжаттама (эскиздік жоба);
  5. қабылдау актілері (4 дана).

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: нысанды  пайдалануға қабылдаудың қол қойылған акті негізінде (күні көрсетіле отырып) жылжымайтын мүлік нысандарының  сәйкестендіру құжаттары және  жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу рәсімделеді.

Пайдалануға енгізу актісін тіркеу және оның сәйкестендіру сипаттамаларына өзгерістер енгізу

Пайдалануға беру актін тіркеу және оның сәйкестендіру сипаттамаларына өгертулер енгізу барлық негізгі рәсімнің қорытынды кезеңі болып табылады, оны тіркелген жері бойынша Тасқала ауданы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ аудандық бөліміне жүгіне отырып жүргізуге болады.

Ол үшін сізге келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  1. жылжымайтын мүлікке құқықты (құқықтық ауыртпалықтар) мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
  2. жеке басты куәландыратын құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін түпнұсқасы);
  3. тіркеу нысанын растайтын құқық белгілеуші құжат;
  4. төлем туралы түбіртек.
Қолдану
Бас тарту