Тасқала ауданының әкімдігі
091000, БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі 23

«Қолжетімді әкімдік»

Әлеуметтік тұрғын үй алу кезегіне тұру үшін, яки басқа әлеуметтік көмек түрін алу үшін сізге жылжымайтын мүліктің иегері емес екендігіңізді дәлелдеу қажет. Бұл үшін тиісті анықтаманы алу қажет.

Egov.kz порталында анықтаманы алу үшін:

  1. ЭЦҚ-ны (электронды цифрлы қолтаңба) алу қажет;
  2. ЭЦҚ-мен куәландырылған, құқықтық тізілімнен жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу (құқық ауыртпалығы) туралы ақпаратты алуға өтініш беру қажет.

Жеке тұлғаны куәландыратын құжатты ұсынудың қажеті жоқ, өйткені ақпарат «электронды үкімет» шлюзі арқылы сұранады.

Қызмет көрсету мерзімі: 20 минуттан 1 жұмыс күніне дейін.

Қызмет көрсету нәтижесі: жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама.

Тасқала ауданы «Азаматтарға арналған үкімет» МК аудандық бөлімшесіне тапсырылатын құжаттар пакеті:

  1. құқықтық тізілімнен жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу (құқық ауыртпалығы) туралы ақпаратты алуға өтініш;
  2. жеке тұлғаны куәландыратын құжат.

Қызмет көрсету мерзімі: 20 минуттан 1 жұмыс күніне дейін.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама.

Қолдану
Бас тарту