Тасқала ауданының әкімдігі
091000, БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі 23

«Қолжетімді әкімдік»

«Ипотека» сөзі бізге грек тілінен кепілзат деп аударылады. Ипотекалық несие жылжымайтын мүлік (жер‚ құрылыс‚ тағы басқа) кепілімен берілетін несие. Бүгінгі күні отандық нарықта ипотекалық несиені алудың екі жолы бар:

  1. жеке меншік коммерциялық банктерден ипотекалық несие алу;
  2. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-нан ипотекалық несие рәсімдеу.

Жеке меншік коммерциялық банктерде ипотекалық несие рәсімдеу

Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінде ипотекалық несиелеу бағдарламалары бар. Банктердің несиені беру шешімдеріне сіздің төлемақы төлеу қабілетіңіз әсер етеді. Егер сіздің бір табысыңыз жеткіліксіз болса, қосымша қарыз алушы ретінде туысқаныңызды (жұбайыңызды) тартуға болады.

Несие алу үшін сіздің бастапқы жарнаңыз болуы тиіс. Оның мөлшерін банктердің өздері анықтайды. Әдеттегідей, ол тұрғын үй бағасының 10-нан 50%-ға дейінгі бөлігін құрайды.

Қарыз бойынша қамтамасыздандыру болатын жылжымайтын мүлікке, банктер сонымен қатар келесідей талаптар қояды: ол белгіленген жылдан ерте, жақсы күйде, кірпіштен/панельден және т.б. салынуы тиіс.

Ипотекалық несиелеу бағдарламасының  барлық талаптарымен және  шарттарымен банктердің сайттарында танысуға болады.

Ипотекалық несиені рәсімдеудің негізгі сатылары

  1. Сіз ипотекалық несиелеу бағдарламасы бойынша кеңес алу үшін банкке жолығасыз. Сізбен айтылған деректерге байланысты, несие беруші маман  сізге қандай сомманың бере алатындығын айтады. Сонымен қатар, бағдарламаның шарттары мен рәсімдеу үрдісін түсіндіреді.
  2. Егер сізге шарттары ұнаса, онда сіз банкке өзіңіздің төлемақы төлеу қабілетіңізді растайтын құжаттар жиынтығы мен сатып алынатын жылжымайтын мүліктің құжаттарын жинап, ұсынасыз.
  3. Жылжымайтын мүлікті бағалау үшін оны қарауға бағалаушы шығады. Несиеге алынатын үйге бағаның берілуі – бұл қарыз алатын тарап төлейтін, міндетті процедура.
  4. Баға беріліп, банкте сіздің өтінішіңіз бойынша сараптамалардың ішкі процедураларынан өткеннен кейін, ол несие комитетіне қарастыруға жіберіледі.
  5. Оның шешімі оң болған жағдайда жылжымайтын мүлікті сатып-алу  және сату шартын (бұл сатыда, әдеттегідей, сатушы сіздің бастапқы жарнаңыздың соммасын алады), қарыз алу шартын рәсімдеу керек.
  6. Сатып алу және сату шартын Тасқала ауданының «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ-да (ХҚО) тіркегеннен кейін, сіз Банкпен тағы да тіркелуге тиісті болатын кепіл шартына қол қоясыз. Пәтердің құжаттары банкте сіз несиеңізді жапқанға дейін сақталады.
  7. Ақшаны сіз кепіл шартын тіркегеннен кейін, банкте ашылған өз есепшотыңызға аласыз. Одан кейін оны сатушыға бересіз/аударасыз.

Бұл тұрғын үйді сатып алуға ипотекалық қарызды рәсімдеу үрдісіндегі негізгі сатылар, бірақ әрбір жағдайдың өз кемшіліктері болуы мүмкін. Әр сатысында міндетті түрде банктің несие менеджерімен сұхбаттасыңыз. Олар сізге толық ақпарат ұсынуға міндетті.

Ипотекалық несиені рәсімдеуде неге назар аудару керек?

  1. Мерзімдері. Несие менеджеріңізден өтінішті қарау, қарыз алу және кепіл шарттарын дайындау және рәсімдеу мерзімдерін нақтылап алыңыз. Бұл сіз үшін де және ақшасын тезірек алғысы келетін пәтер сатушысы үшін де маңызды.
  2. Қосымша шығындары. Қарызды рәсімдеу үрдісінде бастапқы жарнасын төлеуден басқа, сіз бағалаушының қызметтері, жылжымайтын мүліктің сақтандырылуы (оны жыл сайын төлеу керек болуы мүмкін), нотариалдық қызметтер, сатып алу және сату шартын және кепіл шартын тіркеу қызметтері үшін, банктің есепшотты ашу және жүргізу, есепшоттан ақшаны алу/аудару комиссияларын (cатушымен есеп айырысу түріне байланысты) төлеуге дайын болу керексіз.
  3. Қарыз алу және кепіл шарттарының шарттары. Шарттың бүкіл мәтінін оқуға ерінбеңіз және сізге түсініксіз көрінгеннің барлығын нақтылап алуға қорықпаңыз.
  4. Қарыз алу шартында сіздің аты-жөніңіздің, қарыз соммасының және мерзімінің, жабу мөлшерлемесі пайызының, мерзіміне дейін жабу тәртібінің, ай сайынғы төлемақыларын мерзімінен кеш төлегені үшін салынатын айыппұлдар мөлшерінің, төлемақы төлеу кестесінің дұрыс болуына назар аударыңыз.
  5. Кепіл шартында сіздің аты-жөніңіздің, қарыз соммасы мен мерзімінің, жылжымайтын мүлік объектісінің мекен-жайы мен техникалық сипаттамаларының, оның бағаланған құнының, жылжымайтын мүлікті сақтандыру шарттарының, қарызды мерзімінен кеш төлеу/қайтармау жағдайындағы жазалау тәртібінің дұрыс көрсетілуіне назар аударыңыз.
  6. Қарыз және кепіл шарттарының құрамына қойылатын міндетті талаптарды мұнда оқуға болады.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да ипотекалық несиені рәсімдеу

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ғы ипотекалық несиелеу бағдарламасының коммерциялық банктердің бағдарламасынан негізгі ерекшелігі, осы банктегі жинақтардың болуы жағдайында несие мөлшерлемесінің басқа банктерге қарағанда айтарлықтай азырақ болуында. Бірақ осы оператор арқылы  алдын ала жинақсыз жылжымайтын мүлік алуға ниет білдірушілерге тұрғын үй соммасының 50%-н енгізу шартымен аралық қарыз беру қызметі ұсынылады.

Қаражаттарды жинау және қарызды алу тәртібін мұнда таба аласыз. 

Несиені негізгі рәсімдеу сатылары коммерциялық банктердегі рәсімдеу сатыларына ұқсас.

Қолдану
Бас тарту