Тасқала ауданының әкімдігі
091000, БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі 23

«Қолжетімді әкімдік»

«Алтын алқа» алу
 
«Алтын алқа» алқасымен жеті және одан да көп бала туған (асырап алған) және тәрбиелеген көп балалы аналар марапатталады. Мемлекеттік награда алудың басты шарты жетінші баланың бір жасқа жетуі және барлық балалардың тірі болуы. Әскери немесе азаматтық борышын өтеу кезінде қаза тапқан не болмаса хабарсыз кеткен балалар ескерiледi.

«Алтын алқа» наградасына ұсыну үшін Тасқала ауданы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жүгіну қажет.

Талап етілетін құжаттардың тізімі:

  1. көпбалалы ананың жеке куәлігінің көшірмесі;
  2. мекенжай анықтамасы;
  3. бұрын «Батыр Ана» немесе I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапаттау кезінде көп балалы анаға берілген «Батыр ана» ордендік кітапшасының көшірмесі;
  4. барлық балалардың туу туралы куәліктерінің немесе жеке куәліктерінің көшірмесі;
  5. зейнеткерлік кітапшаның көшірмесі (болған жағдайда);
  6. неке қию туралы куәліктің көшірмесі;
  7. таныс адамдардан екі мінездеме;
  8. әр балаға тұрғын орнынан анықтама (мектептен, ЖОО-нан, жұмысынан немесе мекенжай анықтамасы).

«Күміс алқа» алу

«Күміс алқа» алқасымен алты бала туған (тәрбиелеп өсiрген) аналар алтыншы баласы бiр жасқа жеткен және басқа балалары тiрi болған ретте наградталады. Әскери немесе азаматтық борышын өтеу кезінде қаза тапқан не болмаса хабарсыз кеткен балалар ескерiледi.

«Күміс алқа» наградасына ұсыну үшін Тасқала ауданы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жүгіну қажет.

Талап етілетін құжаттардың тізімі:

  1. көпбалалы ананың жеке куәлігінің көшірмесі және түпнұсқасы;
  2. мекенжай анықтамасы;
  3. бұрын «Батыр Ана» немесе I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапаттау кезінде көп балалы анаға берілген «Батыр ана» ордендік кітапшасының көшірмесі;
  4. барлық балалардың туу туралы куәліктерінің немесе жеке куәліктерінің көшірмесі;
  5. зейнеткерлік кітапшаның көшірмесі (болған жағдайда);
  6. әр балаға тұрғын орнынан анықтама (мектептен, ЖОО-нан, жұмысынан немесе мекенжай анықтамасы).
  7. таныс адамдардан екі мінездеме
Қолдану
Бас тарту