Тасқала ауданының әкімдігі
091000, БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі 23

«Қолжетімді әкімдік»

Соңғы жылдары Қазақстанда діни жоралар бойынша неке қию жиіледі. Қазақтың ұлттық үйлену тойларында «неке қию» діни рәсімі өткізілуі мүмкін. Ислам діні қағидаларына сәйкес, мешіт рұқсаты болмаса және молда дұғасын оқымаған жағдайда неке жарамсыз болып саналады.

«Неке қию» рәсімін молда өткізеді (немесе дәстүр бойынша туыстар ішіндегі ислам қағидаларын жақсы білетін ең қарт және ең сыйлы адам). Рәсімді мешітте өткізген кезде екі куәгер (олар міндетті түрде ер адам және мұсылман болуы тиіс) және қалындық пен күйеудің туыстары тұрады.

Бір кесе суға күміс тиындар салынады, олар аман-есендік пен байлықты білдіреді. Осыдан кейін молда дұға оқып, жас жұбайларға осы суды ішуге береді. Рәсімнен кейін жұбайларға діни жоралар бойынша неке қию куәлігі беріледі.

Діни неке қию шарттары

  1. «Неке қию» тек некені мемлекеттік тіркеуден кейін ғана жасалады, молда мемлекеттік неке қию туралы куәлікті талап етуі мүмкін.
  2. Жас жұбайлардың жеті атаға дейінгі туыстық қатынастары болмауы қажет.
  3. Қалындық міндетті түрде мұсылман болуы тиіс.
  4. Қалындық жүкті болса, рәсім тек бала туғаннан кейін жасалады.

Осындай неке ресми болып санала ма?

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады

Зайырлы мемлекет - діннен ажыратылған құрылымы бар және діни емес, азаматтық нормалар негізінде басқарылатын мемлекет, осы себепті діни жоралар бойынша қиылған неке Қазақстан Республикасы аумағында мойындалмайды.

Діни жоралар бойынша қиылған неке Қазақстан Республикасы аумағында ешқандай құқықтық салдар туғызбайды.

Іс жүзіндегі неке кезінде алынатын мүлік өз-өзінен ортақ болып табылмайды. Некені бұзу жағдайында мүлік (пәтер, көлік, т.б.) иесі ол кімнің атына рәсімделген болса, сол болады. Сондай-ақ іс жүзіндегі неке кезінде алынған банктік несиелер кімнің атына рәсімделген болса, соның атында қалады. Бұған қоса, жұбайлардың бірі қайтыс болған жағдайда, екіншісінің ешқандай мұрагерлік кұқықтары болмайды.

Сондықтан неке және отбасылық қатынастар пайда болуы үшін оларды уәкілетті органдарда тіркеу қажет (АХАТ).

Қолдану
Бас тарту