Тасқала ауданының әкімдігі
091000, БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі 23

«Қолжетімді әкімдік»

Әрбір ер адамның өмірінде әскерде мерзімді әскери қызмет өткеретін кезең келеді. Өзің тұрып жатқан үйің мен жеріңді қорғай білу – Қазақстан Республикасының азаматы және отбасының тірегі ретіндегі әрбір ер адамның бойындағы қажетті қасиет.

Сіз мерзімді әскери қызметке 18 жастан 27 жасқа дейін шақырылуға жатасыз. Әскерге шақырылуды кейінге қалдыруға немесе одан босауға құқығыңыз жоқ.

Әскери есеп

Әскери есеп болашақ шақырушылардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін, олардың жалпы білім деңгейін, алған мамандығын және физикалық дайындық деңгейін анықтау үшін жүргізіледі.

Сіз 17 жасқа толған сәтте сізді тұрғылықты жеріңіз бойынша немесе уақытша тұрған жеріңіз бойынша әскерге шақыру учаскесіне тірекеу жолымен әскери есепке қояды. Белгілі бір рәсімнен өткеннен кейін сізге тіркелу туралы куәлік (тіркеу куәлігі) беріледі.

Әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу жыл сайын қаңтар айы мен наурыз айы аралығында жүргізіледі.

Белгіленген мерзімде тіркеуден өтуге келмей қалуға құқығыңыз бар, егер келесі жағдайлар орын алса:

  1. еңбек қабілеттілігінен айырылумен байланысты сырқат (жарақат) болса;
  2. жақын туысыңыз қайтыс болса немесе қатты ауырса;
  3. сізді келу мүмкіндігінен айырған апат сипатындағы кедергі болса.

Келмей қалудың жоғарыда аталған себептерінің барлығында оларды растайтын құжаттар ұсынуға міндетті боласыз.

Кім әскери есепке алынбайды?
  1. Әскери-есептік мамандығы жоқ әйелдер.
  2. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңға сәйкес әскери міндетті орындаудан босатылған тұлғалар.
  3. Бас бостандығынан айырылу түрінде жазасын өтіп жүрген тұлғалар.
  4. Тұрақты түрде Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратындар.
Әскерге шақырылушыларды жасақтау тәртібі

1. Жасы 17-ге толған әскерге шақырылушыларға шақыру қағазын тапсыру

Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының қызметкерлері сізге әскерге шақыру пунктіне келетін мерзімнен 5 күн бұрын әскери есепке қоюды іске асыратын жер мен уақытын көрсете отырып әскерге шақыру қағазын тапсыруы қажет.  

Әскерге шақыру қағазын тапсыру тұрғылықты жері бойынша жүзеге асырылады.

2. Әскерге шақырылушының Алматы қаласы аудандық Қорғаныс істері жөніндегі басқармасына келуі. 

Тіркеуден өту үшін тіркелген жеріңіз бойынша әскерге шақыру қағазында көрсетілген мерзімде Алматы қаласы аудандық Қорғаныс істері жөніндегі басқармасына келуіңіз тиіс.

3. Медициналық куәландырудан өту.

Медициналық куәландыру кезең-кезеңмен жүргізіледі.

Тексерудің бірінші кезеңі аудандық әскерге шақыру комиссиясында жүзеге асырылады.

Тіркеуге алу жөніндегі комиссия жұмыс түрін, мамандығын, білімін, жалпы дамуын, медициналық куәландырудың нәтижелерін ескере отырып Сіздің құжаттарыңызды зерделеп, жеке сұхбат жүргізеді және келесі шешімдердің бірін қабылдайды:

  • «А» – әскери қызметке жарамды;
  • «Б» – әскери қызметке шағын шектеулермен жарамды;
  • «В» – әскери қызметке шектеулі жарамды;
  • «Г» – әскери қызметке уақытша жарамсыз;
  • «Д» – бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды;
  • «Е» – әскери есептен шығарылуымен әскери қызметке жарамсыз.

Тексерудің екінші кезеңін облыстық әскерге шақыру комиссиясы жүзеге асырады:

  • әскери қызметке шақыруды кейінге қалдырудың дұрыстығын тексереді;
  • әскери қызметке жарамсыз деп танылған әскерге шақырылушылардың жеке істерін қайта қарайды;
  • азаматтардың аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) әскерге шақыру комиссияларының шешімдеріне түсірген  шағымдары мен өтініштерін қарайды. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) әскерге шақыру комиссияларының қабылдаған шешімдерінде бұзушылықтар анықталған жағдайда аталған шешімдердің күшін жояды.

4. Тіркелу туралы куәлікті алу.

Медициналық куәландырудан өткеннен кейін келесілерден берілетін тіркеу туралы куәлікті алу қажет:

  • «Азаматтарға арналған үкімет» МК;
  • жергілікті әскери басқару органдары.

Тіркелу туралы куәлікті (тіркеу куәлігін) алу үшін сіз келесі құжаттарды тапсыруыңыз қажет:

  • әскерге шақыру учаскесіне тіркелу туралы куәлікті беруге арналған өтініш;
  • аудандық (қалалық) медициналық комиссияның хаттамалар кітабынан үзінді көшірме;
  • жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін);
  • 3х4 өлшемді фотосурет – 2 дана.

Қызмет көрсету мерзімі: 30 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: әскерге шақырылушыларға әскерге шақыру учаскелеріне тіркелгені туралы куәліктер беру.

Тіркелу туралы куәлік (тіркеу куәлігі) сіз әскери қызметке шақырылғанға дейін немесе запасқа шығарылғаныңызға дейін әрекет етеді. Сізді әскери есептен алып, әскери билет бергеннен кейін тіркелу куәлігі алынады және жою мақсатында әскери комиссариатқа табысталады.

Тіркелу туралы куәлік

Тіркелу куәлігінде келесілер көрсетіледі:

  1. әскерге шақырылушының жеке деректері (әскерге шақырылушының тегі, аты, әкесінің аты, туылған күні мен айы);
  2. медициналық комиссиядан өту нәтижесі (әскери құызметке жарамды/жарамсыз).

Егер сізді тіркеу кезінде «әскери есептен шығарылуымен әскери қызметке жарамсыз» және «бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды» деп таныса, сізге сол туралы тиісті белгісі бар әскери билет беріледі.

I және II топтағы мүгедектер әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуден өту кезінде оларға «әскери міндетті емес» (облыстық әскерге шақыру комиссиясының шешімі және мүгедектікті растайтын құжаттардың нотариалдық жолмен куәландырылған көшірмелері негізінде) деген белгісі бар әскери билет беріледі. Берілген әскери билетті алу үшін билеттің иесі немесе оның жақын туысы тіркелген жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК-ның Алматы қаласындағы аудандық бөліміне жүгіне алады. 

Тіркелу туралы куәліктің жоғалуы

Әскери міндетті адам тіркелу туралы куәлігін жоғалтқан жағдайда телнұсқасын алу үшін жеті жұмыс күні ішінде тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК-ға жүгініп, келесілерді ұсынуы қажет:

  1. тіркелу туралы куәліктің телнұсқасын беру туралы өтініш;
  2. фотосурет.

Тіркелу туралы куәліктің жоғалу себебіне байланысты қосымша ретінде келесі анықтамалардың бірін қоса тіркеу қажет:

  1. Алматы қаласы аудандық Ішкі істер басқармасының анықтамасы – құжаттарды ұрлау дерегі анықталған жағдайда;
  2. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің анықтамасы – табиғи апат кезінде жоғалтқан (құжаттар жойылған) жағдайда;
  3. Алматы қаласының Өртке қарсы қызмет департаментінің анықтамасы – құжаттардың өрт кезінде жойылу дерегі анықталған жағдайда.

Әскери міндеттінің тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда өтінішке келесілерді қоса тіркеу қажет:

  1. 3х4 өлшемді фотосурет – 2 дана;
  2. жеке куәліктің көшірмесі;
  3. растайтын құжаттардың (атын, әкесінің атын, тегін ауыстырғаны туралы куәлік) көшірмелері.

Әскерге шақыру учаскесін өзгерту рәсімі

Тұрғылықты жерді ауыстырған немесе уақытша сапарға (үш айдан артық мерзімге) шыққан жағдайда 7 жұмыс күні ішінде келген жеріңіз бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК аудандық бөліміне (ХҚКО) әскери есепке қою туралы өтінішпен  жүгіну қажет. Елді мекенде Қорғаныс істері жөніндегі басқарма (әскери комиссариат) жоқ болған жағдайда кенттің, ауылдың (селоның), ауыл (село) округінің әкімдігіне жүгінесіз. Егер басқа елді мекенге тұрғылықты тұруға немесе жоғары оқу орнына түсумен байланысты көшетін болсаңыз әскери есептен шығу керек.

Әскери есептен шығу үшін келесілерді жасау қажет:

  1. Алматы қаласы Аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқармасына жүгіну;
  2. әскери есептен шығу себептерін және жаңа тұрғылықты жерінің дұрыс мекенжайын көрсете отырып жазбаша өтініш беру.

Әскерге шақыру учаскесін ауыстыруға қаңтар айынан наурыз айына дейін және шілде айынан қыркүйек айына дейінгі кезеңде жол беріледі. Басқа кезде әскерге шақыру учаскесін ауыстыруға тек келесі жағдайда жол беріледі, егер әскерге шақырылушы:

  1. басшылықпен басқа жерге жұмысқа ауыстырылған болса;
  2. тұрғылықты жерін ауыстырған болса;
  3. оқу орнына түсіп, оқуын жалғастыруға кететін болса.
Мерзімді әскери қызметке шақыру

Мерзімді әскери қызметке шақыру – жылына екі рет, сәуір айынан маусым айына дейін және қазан айынан желтоқсан айына дейін жүргізіледі.

Әскерге шақыру комиссиясы жеке іспен танысып шығып, азаматты әскери қызметке жарамды деп тану туралы, әскери міндетті орындауды кейінге қалдыру немесе одан босату туралы шешім қабылдайды.

Мерзімді әскери қызметтің мерзімі 1 жылды құрайды.

Егер сіздің әскери қызметіңіздің мерзімі дәлелді себеппен кейінге қалдырылса, онда ақылы оқытудан өтуге құқығыңыз бар. Қызмет атқару мерзімі 1 айды құрайды. Айдың соңында емтихан тапсыру қажет. Емтиханды тапсырғаннан кейін сізге әскери билет алу үшін қажетті барлық құжаттар беріледі.

Мерзімді әскери қызметтің мезгілі аяқталғаннан соң қызметіңізді келісімшартпен қызмет ететін әскерлер сапында жалғастыруға құқығыңыз бар. Егер сіздің жоғары біліміңіз бола тұрып, бірақ әскери кафедрада оқымаған болсаңыз мерзімді әскери қызметтің мерзімі 6 айға дейін қысқартылады.

Әскери қызметті өткеру аяқталғаннан кейін сіз әскери билетті – сіздің әскери қызметке қатыстылығыңызды анықтайтын құжатты алуыңыз қажет. Азамат әскери есептен шығарылып, әскери билет алғаннан кейін тіркеу куәлігі алынып, жойылу мақсатында әскери комиссариатқа табысталады.

Есте сақтағаныңыз жөн!

Мерзімді әскери қызмет атқару – сіздің азаматтық борышыңыз болып табылады. Егер сіз әскери комиссариаттың шақыруы бойынша әскери есепке тұруға дәлелді себепсіз келмейтін болсаңыз, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі жауапкершілік қарастырылған. Медициналық куәландырудан немесе азаматтарды әскери есепке қою жөніндегі комиссияның немесе әскерге шақыру комиссиясының жолдамасы бойынша тексерілуден жалтарған жағдайда, ескерту берілуі немесе 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін. Әскери міндеттілердің әскери жиындардан жалтаруы – 5 АЕК мөлшеріндегі айыппұлға әкеп соқтырады.

АЕК 2017 жылы = 2269 теңге.

Қолдану
Бас тарту