Тасқала ауданының әкімдігі
091000, БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі 23

«Қолжетімді әкімдік»

Егер сіз әскери қызметті өткерген болсаңыз, онда сіз жұмысқа орналасқанда, оқу орнына түскен кезде және басқа да жағдайларда бұл мәртебені растауыңыз қажет болуы мүмкін.

Әскери қызметті өткергені туралы анықтаманы қалай алуға болады?

Өтінішті қабылдау және куәлікті беру «Азаматтарға арналған үкімет» МК (ХҚКО) және жергілікті әскери басқару органдары арқылы жүзеге асады.

Қажетті құжаттардың тізімі:

  1. әскери қызметті өткергенін растайтын анықтама беру туралы өтініш;
  2. жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін).

Құжаттарды қабылдаған кезде қызмет алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

Қызмет көрсету мерзімі: 1 жұмыс күні. Мұрағаттардан қосымша ақпарат сұрату қажет болған жағдайда мерзімі 90 жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.

 
Қолдану
Бас тарту