Тасқала ауданының әкімдігі
091000, БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі 23

«Қолжетімді әкімдік»

Каникул, халықаралық олимпиадалар, жарыстар – қазір балалар ересектермен бірдей саяхаттайды. Шетелге шығарда сізде және балаңызда шекаралық бақылаудан өткенде қиындықтар туындамас үшін осы мақаланы мұқият оқып, қажетті құжаттарды жинауға кеңес береміз.

16 жастан асқан бала ата-анасымен (қамқоршысымен) бірге Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға шығатын жағдайда

Ата-анасының біреуінің немесе баланың тіркелген жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Тасқала ауданы аудандық бөлімінде балаға төлқұжат рәсімдеу қажет.

Егер Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша шығатын бала 16 жастан кіші болса

Баланың деректері ата-анасының немесе қамқоршысының төлқұжатына жазылады.

Бұл ретте төлқұжатқа 3 жастан асқан балалардың фотосуреттері жабыстырылады. Мұндай жағдайда барған елде бала үшін виза ақысын төлеудің қажеті болмайды.

Тіркелген жері бойынша Тасқала ауданы ПД Көші-қон полициясы басқармасының бөлімшесіне жүгініп, баланың деректерін ата-анасының төлқұжатына жаздырып алуға болады.

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. ата-анасының төлқұжатына баланың деректерін енгізу туралы өтініш;
  2. баланың фотосуреті жабыстырылатын ата-анасының шетелдік төлқұжаты мен жеке куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі;
  3. баланың туу туралы куәлігінң түпнұсқасы мен көшірмесі;
  4. баланың ақ фондағы фотосуреті - 3,5х4,5 см - 2 дана;
  5. 0,1 АЕК көлеміндегі мемлекеттік баж төлемі туралы түбіртек (әрбір балаға банктің есеп айырысу-кассалық бөлімінде төленеді, алушының банктік деректерін Тасқала ауданы Полиция департаментінің Көші-қон полициясы басқармасының бөлімшесінен білуге болады.

Қызмет көрсету мерзімі: 2 жұмыс күніне дейін

Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: Қазақстан азаматының төлқұжатында қызмет көрсетушінің визалық мөрі және қолтаңбасымен куәландырылған фотосуреттері жабыстырылған 16 жасқа дейінгі балалар туралы жазба.

Білу қажет!

Бала ата-анасының біреуімен шет елге уақытша кететін болса, сол баратын елде рұқсат етілген жағдайда екінші жақтың келісімі талап етілмейді. Бұл мәселені сізді қызықтырып отырған мемлекеттің елшілігінен анықтап алуға болады.

Егер бала ата-анасының біреуімен Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кететін болса, екінші жақтың нотариалды куәландырылған келісімі қажет. Ол болмаған жағдайда дау сот тәртібімен шешіледі. Екінші жақтың келісімі ата-ана жоқ болса талап етілмейді. Бұл айырылысу туралы куәліктен басқа, қайтыс болуы туралы куәлік, ата-ана құқығынан айыру туралы құжат, №4 нысанындағы құжат және басқа да құжаттармен расталуы тиіс.

Қолдану
Бас тарту