Тасқала ауданының әкімдігі
091000, БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі 23

«Қолжетімді әкімдік»

Егер сіз жүргізуші куәлігін жоғалтсаңыз - қапа болмаңыз! Біріншіден, жақсы адамдар оны тауып алып сізге  қайтып бере алады, және екіншіден, сіз әрқашан 30 күнде жүргізуші куәлігін қалпына келтіре аласыз.

Егер сіз Қазақстан азаматы болсаңыз

Сіз мамандандырылған хқко-ға немесе Тасқала ауданы ІІД жол полициясы Басқармасына жүгіне аласыз.

Құжаттар тізімі:

  1. жүргізуші куәлігін алуға толтырылған бланк;
  2. жеке басын куәландыратын құжаты;
  3. денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама № 083/у емхананың тіркеу орны бойынша (анықтаманы  мамандандырылған Тасқала ауданы Хқко-да алуға болады);
  4. мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек.

Қызмет көрсету мерзімі: 1 ай.

Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: уақытша жүргізуші куәлігінің орнына жоғалған жүргізуші куәлігін беру, ол берілген күннен бастап бір айдың ішінде күшін сақтайды. Аталған мерзім аяқталғаннан кейін жаңа жүргізуші куәлігі беріледі.

Егер сіз басқа елдің азаматы болсаңыз

Шетел азаматы(-шасы) жүргізуші куәлігін жоғалған жағдайда, оған оны қалпына келтіру үшін мамандандырылған ХҚКО-на, Тасқала ауданы ІІД жол полициясы Басқармасына жолығу керек. 

Келесідей құжаттарды ұсыну қажет:

  1. жүргізуші куәлігін алуға толтырылған бланк;
  2. жеке басын куәландыратын құжаты;
  3. медициналық анықтама және оның денсаулығы туралы көшірмесі № 083/У емхана тіркелген жері бойынша (анықтаманы сондай-ақ мамандандырылған ХҚКО-да алуға болады);
  4. мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек;
  5. ұйымының дипломатиялық корпуспен жұмыс бойынша бағыты (жол қозғалысының шетелдік қатысушылары үшін).

Қызмет көрсету мерзімі: 1 ай.

Қызмет көрсету түпкі нәтижесі: уақытша жүргізуші куәлігінің орнына жоғалған жүргізуші куәлігін беру, ол берілген күннен бастап бір айдың ішінде күшін сақтайды. Аталған мерзім аяқталғаннан кейін жаңа жүргізуші куәлігі беріледі.

Қолдану
Бас тарту