Тасқала ауданының әкімдігі
091000, БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі 23

«Қолжетімді әкімдік»

Автобус уақытында келмей ұзақ күттіңіз бе? Жүргізуші аялдамада тоқтамай өте шықты ма? Сіз автобус жүргізушісінің - агрессивті жүру, темекі шегу немесе рульде отырып телефонмен сөйлесу сияқты теріс қылығына тап болдыңыз ба?

Бұған қалай тосқауыл қойып, қайда жүгінуге болатыны жөнінде осы мақаладан оқыңыз.

Қазір автобус қай жерде?

Біздің порталда, сондай ақ CityBus немесе ONAY мобильдік қосымшалары арқылы жолаушылар көлігінің қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылауға және А нүктесінен Б нүктесіне дейінгі жүру бағытын көруге болады. Қосымшалардың бірін телефоныңызға жүктеп алып, сіз автобустың дәл қазір қайда келе жатқанын, тасымалдаушы компанияның атауын және оның байланыс телефондарын біле аласыз.

Жақын арада қоғамдық көлік қозғалысы кестесін аялдамаларда орнатылатын электронды таблодан бақылауға болады. Атап айтқанда, таблода қоғамдық көліктің жүру кестесі мен нақты режимде келу уақыты туралы ақпарат, бейнекамера және дабыл түймесі орналастырылады.

Тасымалдаушы/жүргізуші қалай жазаланады?
 
Бұзушылықтар үшін қоғамдық көлік жүргізушілерімен түсіндіру жұмыстары және Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын сақтау бойынша нұсқама жүргізіледі. Елеулі теріс қылықтар үшін сөгіс жарияланады, қайталанған жағдайда — жүргізуші жұмыстан уақытша шеттетіледі немесе онымен еңбек шарты бұзылуы мүмкін.

Егер өтініш жалпы бағытқа қатысты болса, онда тасымалдаушыға бағыттың белгіленген жұмыс режиміне және кесте бойынша автобустардың жоспарлы санына сәйкес тасымалды жүзеге асыру талабымен хабарлама жіберіледі. Айта кетерлігі, қалалық бюджеттен субсидияланатын бағыттардағы автобустар жүйелі жүрмейтін болса, пайыздар қысқартылады. Тек аталған бір себеп үшін соңғы жылы Алматыда 4 автопарк жабылды.

Бағыттардың жұмыс уақыты

Тасымалдау қағидаларына сәйкес қоғамдық көлік келесі тәртіпте жүруі тиіс:

  • қыс маусымында (1 қарашадан 1 сәуірге дейін) барлық қалалық жолаушылар маршруттарында қозғалыс жұмыс күндері - сағат 6:00-ден 23:30-ға дейін, демалыс күндері - 7:00-ден 23:00-ге дейін;
  • жаз маусымында (1 сәуірден 1 қарашаға дейін) барлық қалалық жолаушылар маршруттарында қозғалыс жұмыс күндері - сағат 5:30-дан 24:00-ге дейін, демалыс күндері - сағат 6:00-ден 23:30-ға дейін.

Сағат 21:00-ден кейін автобустардың қозғалыс интервалы ұлғаяды, әрбір бағытта кезекші автобустар қалып, олар ауысым соңына дейін жұмыс істейді.

Әрбір маршруттың жұмыс уақыты мен қозғалыс интервалын мына жерден көруге болады

Қолдану
Бас тарту