Тасқала ауданының әкімдігі
091000, БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі 23

«Қолжетімді әкімдік»

Тегін медициналық жәрдемнің кепілді көлемі шеңберінде емделушіні ауруханаға стационарға жатқызу келесі жолмен жүзеге асырылады:

  1. жоспарлы тәртіпте – алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем көрсету мамандарының немесе медициналық ұйымының жолдамасы бойынша;
  2. шұғыл көрсетімдер бойынша - жолдаманың бар-жоғына қарамастан.

Медициналық көмек алу үшін не қажет?

  1. Тіркелген жері бойынша немесе нақты тұрғылықты жері  бойынша емханаға немесе аурулар түрі бойынша басқа медициналық мекемеге тіркелу.
  2. Дәрігерге қаралуға жазылу.
  3. Егер денсаулық жағдайыңызға қарай емханаға бара алмайтын болсаңыз, бөлімшелік терапевт-дәрігерді үйге шақыру.
  4. ТЖД 103 немесе 109 нөмірі бойынша жедел жәрдем шақыру.
Қолдану
Бас тарту