Egov.kz порталында қызметті қалай алуға болады?
Ол үшін келесілерді жасау қажет:
- ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) алу;
- авторизациядан өту және сұрау салу;
- жеке кабинеттегі электрондық өтінім мәртебесі түрінде хабарламамен танысу.
Белгіленген уақытта таңдалған дәрігерге медициналық мекемеге келу.
Қызмет көрсету мерзімі: 30 минут.
Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: жеке кабинеттегі электрондық өтінім мәртебесі түріндегі хабарлама.
Емханада қызметті қалай алуға болады?
Ол үшін сіз келесілерді жасауыңыз қажет:
- медициналық мекеменің тіркеу бөліміне жүгіну немесе тіркеу бөліміне телефон нөмірі бойынша қоңырау шалу;
- ұлғаны куәландыратын құжат немесе туу туралы куәлік (тікелей жүгінген кезде).
Қызмет көрсету мерзімі: 10 минут.
Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: қызмет көрсетуші дәрігерінің қабылдауына алдын-ала жазылу журналына жазылу және дәрігердің қабылдау кестесіне сәйкес дәрігер қабылдауының күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру.