Тасқала ауданының әкімдігі
091000, БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі 23

«Қолжетімді әкімдік»

Баланың мектепте тегін түскі ас ішуі үшін ата-анасы немесе қамқоршысы egov.кz порталы арқылы немесе білім беретін оқу орнында (мектеп, лицей, гимназия) өтініш бере алады.

Egov.кz порталында өтініш беру

Ол үшін сізге келесілер қажет:

  1. ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) алу;
  2. авторландырылу және өтініш беру;
  3. құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркеу:
  • 2007 жылғы 13 тамызға дейін немесе Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде туылған жағдайда баланың (балалардың) туу туралы куәлігі;
  • 2008 жылғы 1 маусымға дейін немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерде берілген некеге тұру/некені бұзу туралы куәлік;
  • жалпы білім беру мектептерінің оқушылары мен тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақ беру туралы Тасқала ауданы Білім басқармасы ұжымдық органының шешімі;
  • түскен табыстар туралы құжат (жұмыс істейтін ата-аналарының немесе олардың орнын басушылардың жалақысы туралы анықтама).

Ескерту: қызмет алушының жеке басын, баланың туылғанын (бала 2007 жылғы 13 тамыздан кейін туылған жағдайда), некенің жасалуын немесе оның бұзылуын (2008 жылдан кейін некеге тұрған немесе некені бұзған жағдайда) куәландыратын құжаттардың деректері туралы, жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы, қызмет алушының (отбасының) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарына жататыны туралы, жетім балаға (жетім балаларға) немесе ата-анасының қомқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқорлық немесе қорғаншылық белгілеу туралы, жетім баланы (жетім балаларды) немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) патронаждық тәрбиелеуге беру туралы, кәсіпкерлік қызмет пен басқа  да қызмет түрлерінен түскен табыс туралы, балаларына және асырауындағы басқаларға алимент түрінде түсетін табыс туралы мәліметтерді қызмет алушы «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.    

Қызмет көрсету мерзімі: 5 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: жалпы білім беретін оқу орнында (мектеп, лицей, гимназия) тегін тамақ беру туралы анықтаманың алынуы.

Жалпы білім беретін оқу орнында (мектеп, лицей, гимназия) өтініш беру

Өтінішті жалпы білім беретін оқу орны (мектеп, лицей, гимназия) директорының атына жазу қажет.

Өтінішке келесі құжаттарды қоса тіркеу қажет:

  1. ата-аналарының жеке басын куәландыратын құжат;
  2. баланың туу туралы куәлігі (2007 жылғы 13 тамызға дейін немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда);
  3. некеге тұру немесе некені бұзу туралы куәліктің көшірмесі (2008 жылға дейін немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған некені бұзған жағдайда);
  4. өтініш берушінің (отбасының) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарына жататындығын растайтын анықтама. Анықтаманы қалай алуды мұнда білуге болады;
  5. ата-анасының тапқан табыстары туралы мәліметтер (жалақысы туралы жұмыс орнынан алынатын анықтама, кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар, алименттер түріндегі табыстар);
  6. балаға (балаларға) қорғаншылық және қамқоршылық жасауды жүзеге асырған жағдайда аталған өкілеттіктерді бекіту туралы Тасқала ауданы Білім басқармасының қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі бөлімінің шешімін ұсыну;
  7. Білім басқармасының ұжымдық органының жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақ беру туралы шешімінің көшірмесі.

Қызмет көрсету мерзімі: 5 жұмыс күні. Мемлекеттік баж төленбейді.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: жалпы білім беретін оқу орнында (мектеп, лицей, гимназия) тегін тамақ беру туралы анықтаманың алынуы.

Қолдану
Бас тарту