Сынапты қалай дұрыс жинау керек?
- Алдымен, үй-жайды желдетініз, бірақ өтпе жел пайда болмауы керек.
- Сынапты жинау алдында резеңке қолғап киіңіз, ал аяққа – бахилалар немесе жай пакеттер жарай береді.
- Кездейсоқ қауіпті буларды дем татудан қорықсаныз, алдын ала ерітіндіге салынған – 1 ас қасық ас содасы 1 стақан сумен араластырылған дәке байлауышты тағып алыңыз.
- Сынап түйіршіктерін резеңке алмұрт, шприц, скотчты, лейкопластырь көмегімен жинауға болады немесе жай ғана суға батырылған қағазбен.
- Жиналған түйіршіктерді банкіге жинап, оның қақпағын жабу керек.
Құрамында сынап бар құрылғылардың қабылдау нүктелерін мына сілтемеден көруге болады.
Не істеуге болмайды?
- Сынапты қолдарыңызбен ұстамаңыз.
- Шарларды щөткемен жинамаңыз. Қылшықтар оларды бұзады, ал сынап тезірек жоқ болып кетеді.
- Сынапты қоқысқа тастамаңыз. Бұл жағдайда ол сөзсіз топыраққа түседі.
- Сынапты пешке шығармаңыз.
- Сынапты ағынды суларға тастамаңыз.
- Кір жуғыш машинада сынаппен байланыста болатын заттарды жууға болмайды. Сынап техниканы ластауы мүмкін, содан кейін ағынды суларға түседі.
Сынап буымен улану
Сынап буымен өткір уланудың алғашқы белгілері 8-24 сағаттан кейін білінеды. Олардың арасында:
- әлсіздік;
- тәбеттің болмауы;
- бастың ауруы;
- жұтынған кезде ауырсыну;
- ауызда металл дәмінің шығуы;
- сілекей ағу;
- қызыл иектің ісінуі және қанағыштығы;
- жүректің айнуы және құсу;
- іштің ауыруы;
- диарея.
Маңызды! Сынап буымен улану жағдайында 103 телефонына қоңырау шалып жедел медициналық көмекшақыру керек, не медициналық мекемеге бару керек.