Тасқала ауданының әкімдігі
091000, БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі 23

«Қолжетімді әкімдік»

Көп пәтерлі тұрғын үйде тыныштықпен өмір сүргініз келсе, көршілермен жақсы қарым-қатынас орнату өте маңызды. Бірақ, өкінішке орай, бұл әрқашан да мүмкін емес. Кейде олардың іс-әрекеті айналасындағылардың тыныштығын бұзады. Қоқыстарды подъезде, жалпы пайдалану орындарында қалдыру осындай іс-әрекеттердің бірі болып табылады. Бұл дегеніміз жағымсыз иістердін ғана емес, жәндіктер мен егеуқұйрықтардың пайда болуына әкеліп соғады. Мұндай қатынаспен табысу мүмкін емес. Мұндай жағдайда не істеу керек?

Жауапкершілік жөнінде ақпарат

Ең алдымен мәселені бейбіт түрде шешу үшін көршілермен сөйлесіп көріңіз. Сіз олардың заңды бұзып жатқанын және сол үшін әкімшілік жазаға тартылатынын ескертіңіз. ҚР Әқбтк-нің 434-бап жауапкершілікті 10 АЕК мөлшерінде айыппұл белгілейді немесе ортақ пайдалану орындарын ластағаны үшін, саябақтар, скверлер, соның ішінде шығарынды белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды және басқа да осындай іс-әрекеттер, төңірегіндегілерді сыйламаушылықты білдіретін, қоғамдық тәртіпті бұзатын және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзғаны үшін 10 тәулік ішінде әкімшілік қамауға алынады. Егер осындай жаза әсер етпесе және бұзушылық айыппұл салғаннан кейін жыл ішінде қайталанса, онда әкімшілік қамау 15 тәулікке дейінгі жазамен қатаңдатылады.

Уәкілетті органдарға жүгіну

Сіз көршілермен әңгімелестіңіз, олардың іс-әрекеттерін түсіндірдіңіз, ал нәтиже жоқ? Сол кезде полицияға хабарласыңыз. Сіз жазбаша түрде аты АІІБ бастығына құқық бұзушының жасағаны туралы нақты тұлға (тұлғалар) құқық бұзушылығы жауапкершілікке тарту жөнінде талап етуіңізге болады. Егер сіздің өтінішіңіз бойынша шаралар қабылданбайтын болса (учаскелік берілген жағдаймен жұмыс жасаудан бас тартса), сіз лауазымды тұлғаны жоғары тұрған органға немесе прокуратураға немесе Тасқала ауданының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына шағымдануға құқылысыз.

Есте сақтауыңыз қажет, сотта сіз құқық бұзушылықтың даусыз дәлелдерін әкеліп көрсетуіңіз қажет. Кіреберісте шығарылмай қалған қоқыстарды бейне мен фотосуреттерге күні мен уақытын белгілеп түсіріп алсаңыз артық болмайды. Сіздің жағдайда сіз фотосурет пен бейнені заң бұзушылықты тіркеу ретінде қолданасыз (егер де сіздің кіреберісте бейнекамера орнатылған болса). Мүмкін, көршілердің қатысқаны артық болмайды. Олар құқықбұзушылықты айқындап беретін болады. Сіздің сонымен қатар, үлкен көлемді қамтитын ұжымдық өтініш жазуға құқығығыз бар. Өтініш жазу барысында, сіз қосымша Тасқала ауданының бастығына ғаламтор блогына жазуыңызға болады.

Қолдану
Бас тарту