Қызметті қалай алуға болады?
- Тіркелу орны бойынша «Азаматтарға арналған үкіметтің» Тасқала ауданындағы аудандық бөлімінде.
- Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Тасқала ауданы бойынша департаментінде (мүгедектікті алғашқы рет белгілеген кезде).
Келесі құжаттарды қоса тіркей отырып өтініш беру қажет:
- жеке басын куәландыратын құжат (төлқұжат, жеке куәлігі, азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі, шетелдіктің ықтияр хаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейінгі оралманның куәлігі);
- қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы);
- банк шотының нөмірі туралы үзінді көшірме (екінші деңгейлі банктерде немесе «Қазпочта» АҚ-та);
- белгіленген нысандағы мүгедектік туралы анықтама.
Қызмет көрсету мерзімі: 8 жұмыс күні. Істің материалдарын қайта рәсімдеу қажет болған жағдайда мерзімі 30 жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.
Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: мүгедектік бойынша жәрдемақы тағайындау туралы хабарландыру хаты.
Тағы қандай қосымша құжаттар сұратылуы мүмкін?
Аурудың себебі мен сипатына байланысты келесілер қосымша сұратылуы мүмкін:
- радиациялық әсерге ұшыраған адамдардың ауруының, мүгедектігінің себептік байланысын белгілеу жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық кеңестің шешімі;
- орталық әскери-дәрігерлік комиссияның шешімі;
- ауруы туралы госпиталь берген куәлік немесе әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы;
- он алты жасқа дейiнгi мүгедек баланың туу туралы куәлігі (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);
- неке туралы куәлік (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) немесе некені бұзу туралы куәлік немесе некеге тұру туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (ата-анасы/қамқоршы тегін өзгерткен кезде);
- қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленген жағдайда, қамқоршылықтың (қорғаншылықтың) белгіленгенін растайтын құжат ұсынылады.