Тасқала ауданының әкімдігі
091000, БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі 23

«Қолжетімді әкімдік»

Семей полигонындағы ядролық сынақтар Қазақстан үшін жан түршігерлік қасірет болды, оның жаңғырығы осы күнге дейін жетуде. Радиоактивті зақымдану аумағында тұрған қазақстандықтардың ұрпағы өмір бойы мемлекет тарапынан көмек қажет етеді. Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз ядролық сынақ салдарынан зардап шексеңіз, мемлекет сізге медициналық және әлеуметтік жеңілдік кепілдігін береді.

Жүгіну орны және құжаттар

Семей полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен адам ретінде тіркеуге тұру үшін сізге:

1. Тіркелу жері бойынша Тасқала ауданы «Азаматтарға арналған үкімет» МК аудандық бөліміне жүгіну қажет.

Талап етілетін құжаттар тізімі:

  1. жеке басын куәландыратын құжат;
  2. мекенжай анықтамасы;
  3. банк шоты туралы мәліметтер немесе өтемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйыммен жасалған шарт;
  4. 1949 жылдан бастап 1965 жылды қоса алғандағы, 1966 жылдан бастап 1990 жылды қоса алғандағы кезеңдерде Семей ядролық сынақ полигоны аумағында тұру фактісі мен кезеңін растайтын құжаттарды: мұрағаттық анықтамалар, село, кент (ауыл) әкімдерінің, ПИК анықтамалары; еңбек кітапшасы; оқу орнын бітіру туралы диплом; әскери билет; туу туралы куәлік; орта білім туралы аттестат; негізгі мектепті бітіру туралы аттестат;
  5. болған жағдайда – «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңында белгіленген тәртіп бойынша бұрын берілген ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен адамның куәлігі.

Егер 4-тармақта көрсетілген құжаттар сақталмаса, онда ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұрудың заңды фактілерін және кезеңін белгілеу туралы соттың шешімін ұсыну қажет.

2. Тіркелу жері бойынша Тасқала ауданы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына.

Қызмет көрсету мерзімі: өтінішті тіркеген күннен бастап 20 жұмыс күні. Қосымша сұрау салулар, тексерістер жүргізу қажет болған жағдайда істердің макетін арнайы комиссияның қарау мерзімі комиссия төрағасымен бір айдан көп емес уақытқа ұзартылады.

Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: Қазақстан Республикасының азаматын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен деп тану туралы шешім. Куәлік немесе дубликат беру.

Егер сіз Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен тұлға ретінде мүгедек болсаңыз, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және әлеуметтік көмек тағайындалуы үшін жүгінуіңіз қажет.

Қолдану
Бас тарту