Тасқала ауданының әкімдігі
091000, БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі 23

«Қолжетімді әкімдік»

Мүгедектіктің басталуы
 
Мүгедек – тіршілік ету әрекетінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттілігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың зардаптарынан, кемістіктер салдарынан ағза функциясының тұрақты бұзылуы бар денсаулығы нашарлаған тұлға.

Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу үшін Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Тасқала ауданы бойынша Департаментіне немесе еgov.kz порталына жүгіне аласыз.

Мүгедектікті белгілеу үшін уәкілетті органдарға құжаттарды тапсыру

Бұл үшін Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Тасқала ауданы бойынша Департаментіне келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет.

  1. мүгедектікті және/немесе еңбек қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе әлеуметтік қорғаудың қажетті шараларын анықтауға өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі мен салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;
  3. рәсімделген күнінен бастап бір айдан кешіктірмей медициналық-әлеуметтік сараптамаға (088/у нысаны) жолдама (емделушіні/мүгедекті оңалтудың жеке бағадарламасының (әрі қарай – ОЖБ) медициналық бөлігінің көшірмесін қоса тіркей отырып, куәландыру (қайта куәландыру) кезінде ұсынылады);
  4. тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімінің анықтамасы, түзеу мекемесінің анықтамасы);
  5. сырқат динамикасын талдау үшін амбулаторлық пациенттің медициналық картасы. Болған жағдайда ауру тарихынан үзінді көшірмелердің, мамандар қорытындыларының және зерттеу нәтижелерінің көшірмелері;
  6. жеке сәйкестендіру нөмірінің көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы – жеке басын куәландыратын құжатта жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайларда;
  7. еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (анықтамасы) – жұмыс істейтін тұлға ұсынады;
  8. оны рәсімдеген күннен бастап бір айдан кешіктірмей ұсынылған дәрігерлік-консультативтік-комиссияның қорытындысы (әрі қарай – ДКК) – консультацияға жіберген, үйде, стационарда немесе сырттай куәландыру (қайта куәландыру) қажет болған, ОЖБ қалыптастыруға немесе түзетуге жіберген жағдайларда;
  9. міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу (немесе қатыспау) дерегін растайтын құжат (осы әлеуметтік тәуекел бойынша жалпы еңбек қабілеттілігінің дәрежесі  алғаш рет белгіленген жағдайларда ұсынылады);
  10. мүгедектің тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі (тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларды жақсартуға ОЖБ-ның әлеуметтік және кәсіптік бөлігін әзірлеу үшін мүгедек немесе оның заңды өкілі ұсынады);
  11. медициналық ұйымға тіркелу анықтамасының (талонның) көшірмесі, (тұрғылықты (тіркелген) жерінен тыс алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарына тіркелген жағдайда ұсынылады);
  12. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі және өндірістегі еңбек сипаты мен еңбек жағдайлары туралы мәліметтер (бастапқы куәландыру кезінде еңбек етуге қабілетті жастағы тұлға ұсынады (болған жағдайда), өндірістік жарақаттар немесе кәсіптік аурулар болған жағдайларда ұсыну міндетті);
  13. еңбек қызметімен байланысты жазатайым уақиға туралы акттің көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы, (өндірістік жарақат алған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан тұлғамен ұсынылады (аталған жазатайым уақиға бойынша кәсіби еңбек қабілеттілігінен айырылу дәрежесін алғаш белгілеген кезде);
  14. себеп-салдарлық байланысты белгілеген тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган берген құжат  (жараланумен, контузиямен, жарақаттанумен, жарымжандықпен, аурумен байланысты мүгедектіктің себебін анықтау үшін бір рет беріледі);
  15. Ұлттық еңбек гигиенасы орталығының берілгеніне екі жылдан аспаған қорытындысы (кәсіптік ауруға шалдыққан адам ұсынады);
  16. жарақаттың немесе сырқаттың еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен себеп-салдарлық байланысы туралы сот шешімінің көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы (жұмыс беруші - жеке кәсіпкердің жұмысы тоқтатылғанда немесе заңды тұлға таратылған жағдайда өндірістік жарақат алған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан адам ұсынады.

Қызмет көрсету мерзімі: 10 жұмыс күніне дейін. Мемлекеттік баж төленбейді.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі:

  1. мүгедектік туралы анықтама беру; 
  2. жалпы еңбек қабілеттілігінен айырылу дәрежесі туралы анықтама;
  3. кәсіптік еңбек қабілеттілігінен айырылу дәрежесі туралы анықтама.

Мүгедектікті белгілеу үшін портал арқылы құжаттар тапсыру

Ол үшін сізге келесілер қажет:

  1. ЭЦҚ алу;
  2. порталда тіркелу және авторлану, қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сауал.

Ескерту: мемлекеттік қызмет көрсетудің нәижесі жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде қызмет алушының жеке өзінің (немесе оның өкілінің) қатысуымен беріледі.

Қызмет көрсету мерзімі: 10 жұмыс күніне дейін. Мемлекеттік баж төленбейді.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі:

  1. мүгедектік туралы анықтама беру;
  2. жалпы еңбек қабілеттілігінен айырылу дәрежесі туралы анықтама;
  3. кәсіптік еңбек қабілеттілігінен айырылу дәрежесі туралы анықтама.
Қолдану
Бас тарту