Тасқала ауданының әкімдігі
091000, БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі 23

«Қолжетімді әкімдік»

Тасқала ауданында тұрақты тұратын және тіркелген аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдау мақсатында Басқармамен "мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК), егер отбасының бір мүшесіне шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% - ынан (28 648 теңге) аспайтын жағдайда, тұрғылықты жері бойынша тіркелген аз қамтылған азаматтарға көрсетіледі.

Атаулы әлеуметтік көмек алу тәртібі

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін Сіз "e-gov" порталы арқылы немесе Жұмыспен қамту орталығының мамандарына белгіленген үлгідегі өтініш бере аласыз, басқарманың аудандық бөлімдерінде орналасқан азаматтардың ыңғайлылығы үшін қалған деректерді жинау Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері беретін құжаттардың электрондық көшірмелері негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде жоқ деректерді жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері тиісті мемлекеттік органдардан сұратады.

2022 жылдың 1 тоқсанына ең төменгі күнкөріс деңгейі 40 925 теңгені құрайды.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: Орталыққа жүгінген кезде – Орталық құжаттар топтамасын тіркеген күннен бастап-15 (он бес) жұмыс күні.

Қолдану
Бас тарту