Тасқала ауданының әкімдігі
091000, БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі 23

«Қолжетімді әкімдік»

Ережесі:

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 194 бұйрығы.

Регламенті:

1) көрсетілетін қызметті берушінің – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

2) мемлекеттік корпорацияда – жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін;

3) порталда-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны:

1)"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы;

2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz және ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы;

3) Халықты жұмыспен қамту орталығы, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО

Мемлекеттік қызметті ұсыну үшін құжаттар тізімі:

1. Тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына немесе Мемлекеттік корпорацияға:

1) өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат;

3) еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса);

4) білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат (бар болса);

2. Ізденуші "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін мәліметтер нысанын толтырады

Мемлекеттік қызметті ұсыну мерзімі:

3 (үш) жұмыс күні.

Қолдану
Бас тарту