Тасқала ауданының әкімдігі
091000, БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі 23

«Қолжетімді әкімдік»

Ережесі:

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 64 бұйрығы

Регламенті:

1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

2) Мемлекеттік корпорация – еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз, "электрондық" кезек тәртібімен жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады;

3) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны:

1) мемлекеттік қызметті көрсетуші арқылы;
2) қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;
3) Мемлекеттік корпорация арқылы;
4) портал арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті ұсыну үшін құжаттар тізімі:

Акт жазбасының күшін жою үшін:

1) Қағидаларға 32-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акт жазбасының күшін жою туралы өтініш;

2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);;

3) жойылуға жататын акт жазбасының негізінде берілген куәліктер (бар болса);

4) азаматтық хал актілері жазбаларын жою қажеттілігін растайтын құжат (бар болса);

5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;

Заңды күшіне енген сот шешімі негізінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы::

1) Қағидаларға 34-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сот шешімінің негізінде акт жазбасының күшін жою туралы өтініш;

2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);;

3) күшін жою туралы заңды күшіне енген сот шешімі туралы, фактіні анықтау туралы не акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы, жойылуға жататын акт жазбасын көрсете отырып, акт жазбасын жарамсыз деп тану туралы соттың бұрын шығарылған шешімінің күшін жою туралы мәліметтер қоса беріледі.

Мемлекеттік қызметті ұсыну мерзімі:

Өтінішті қарау мерзімі-3 (үш) жұмыс күні;

АХАЖ АЖ-да азаматтық хал актісі жазбасының күшін жоюға негіз болып табылатын акт жазбалары болмаған кезде қызмет көрсету мерзімі Көрсетілетін қызметті алушыны күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады (Мемлекеттік корпорация арқылы келіп түскен өтінішті қарау мерзімі ұзартылған кезде Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияға жібереді).;

портал арқылы берген кезде-өтініштің қабылданғанын растау және азаматтық хал актісі жазбасының күшін жою күнін белгілеу туралы хабарлама 1 (бір) жұмыс күні ішінде жеке кабинетке жіберіледі

Қолдану
Бас тарту