Мүлiктi жария ету - табысты жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсiмделмеген немесе тиеcілі емес тұлғаға рәсiмделген мүлiкке құқықтарды мемлекеттiң тану рәсiмi.
Сіз Қазақстандағы жылжымайтын мүлікті алғашқы рет жария ету 2006 жылы орын алғанын білесіз бе. Ағымдағы жария етудің мерзімі 2016 жылы 30 қарашада аяқталады. Мүлікті жария ету құжаттарын қабылдау жария ету мерзімі аяқталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей аяқталады.
Жария етуге қатысушылар
Табысты жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған және (немесе) елдің заңнамасына сәйкес рәсiмделмеген немесе тиеcілі емес тұлғаға рәсiмделген мүлiкке құқықтарды мемлекеттiң тану рәсiмi, жария етуге ҚР азаматтары, оралмандар және ықтияр хаты бар тұлғалар қатыса алады. Аталған бағдарламаға заңды тұлғалардың қатысуға құқығы жоқ.
Жария ету шарттары
- Жер телімдері жария етуге жатпайды.
- Жария етуге өз бетінше иеленіп алынған жерлерде, су қорғау жолақтары мен су нысандарының аймақтарында, санитарлық-қорғаныс аймақтарында, «қызыл сызықтың» шектерінде, жалпы пайдаланудағы теміржол және автомобиль жерлеріндегі елді мекендерде, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарында, қорғаныс және мемлекеттік қауіпсіздік, қорғаныс өнеркәсібінің қажеттіліктеріне арналған жерлерде, жалпы пайдаланудағы жерлерде орналасқан құрылыстар, ғимараттар жария етуге жатпайды.
- Адамның құқығына, бостандығы мен мемлекеттің мүдделеріне қарсы жасалған қылмыс және жалған құжаттар, ақша, бағалы қағаздар дайындау нәтижесінде алынған мүлік жария етуге жатпайды.
- Құқығы сот тәртібінде дауланып жатқан мүлік және құрылысының аяқталуы мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылған жылжымайтын мүлік нысандарындағы тұрғын үй, тұрғын емес үй-жайлар жария етуге жатпайды.
- Жер телімінде мақсаты бойынша емес тұрғызылған мүлік жария етуге жатпайды.
Жария етуді өткізу ережелері
Егер сіз мемлекеттің жүргізіп отырған мүлікті жария ету жөніндегі бір жолғы акция шеңберінде жылжымайтын мүлікті жария етуге ниетті болсаңыз, сізге осы рәсімнің ережелерін білу қажет.
1. Құқығы республиканың заңнамасына сәйкес рәсімделмеген ел аумағында орналасқан мүлікті жария ету.
Оның орналасқан жері бойынша Тасқала ауданы бойынша Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына жүгіну қажет.
Ол үшін сіз келесі құжаттарды ұсынасыз:
- екі данадағы мүлікті жария етуді өткізу туралы өтініш;
- жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі, өтінішті берген кезде түпнұсқасы қоса беріледі;(ждеке тұлға үшін);
- нысанның құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестігіне ғимараттар мен құрылыстарға техникалық тексеруді жүзеге асыратын аттестациядан өткен сарапшының қорытындысы. Аттестациядан өткен сарапшылардың тізімімен мұнда (www.kds.gov.kz) танысуға болады;
- жылжымайтын мүлік нысанының техникалық төлқұжаты.
Қызмет көрсету мерзімі: өтініш берілген күннен бастап 30 күнтізбелік күннің ішінде қаралады.
Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: комиссия жылжымайтын мүлікті жария ету туралы шешім шығарған сәттен бастап жылжымайтын мүлік жария етілді деп танылады.
Аталған жағдайға комиссиялық алым қарастырылмаған.
2. Елдің аумағынан тыс жердегі немесе айналымнан шығарылған мүлікті жария ету.
Тасқала Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- мүлікті жария ету туралы белгіленген нысандағы мағлұмдаманы екі данада ұсыну;
- жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- мүлікке меншік құқығын белгілейтін құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
- нысанның құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестігі туралы аттестациядан өткен сарапшының қорытындысы.
Қызмет көрсету мерзімі: өтініш берілген күннен бастап 30 күнтізбелік күннің ішінде қаралады.
Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: комиссия жылжымайтын мүлікті жария ету туралы шешім шығарған сәттен бастап жылжымайтын мүлік жария етілді деп танылады.
Аталған жағдайға комиссиялық алым қарастырылмаған.
Жария етуді аяқтау
Мемлекеттік тіркелуі және меншік иесі құқығының заңды рәсімделгені туралы ресми құжаттың алынуы (жылжымайтын) мүлікті жария етудің аяқталуы болып табылады.
Қызметті алу үшін келесі жерге жүгіне аласыз:
1. Еgov.кz порталына (жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу үшін нотариусқа жүгінген кезде):
- нотриустың ЭЦҚ-мен куәландырылған сұрау жіберу;
- сұрауда мәміле қатысушыларының Интернет желісіндегі электрондық мекенжайларын (бар болған жағдайда) көрсету;
- сұрауға келесілерді тіркеңіз:
- жылжымайтын мүлік иесінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
- нотариуспен куәландырылған тіркеу нысанын растайтын құқық белгілейтін құжаттар (нотариуспен электрондық сұрауға). Қандай құжаттардың құқық белгілеуші құжаттар екенін мұнда білуге болады;
- жылжымайтын мүлікті тіркегені үшін Мембажды төлеу туралы түбіртек немесе жеңілдіктердің жекелеген санаттарын растайтын және алымдарды төлеуден босататын құжат (жеңілдіктер бөлек тұратын зейнеткерлер және мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап үш жыл бойы кадрларды даярлаумен және оқытумен айналысатын шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін әрекет етеді).
Ескерту: жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген тұлғалар туралы, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда аянбай еңбек еткені және мінсіз әскери қызмет атқарғаны үшін бұрынғы КСРО ордендері мен медальдарымен марапатталған адамдар туралы, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет атқарған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда аянбай еңбек еткені және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендері мен медальдарымен марапатталмаған адамдар туралы, мүгедектер туралы, сондай-ақ, мүгедектің бала кезінен бері бірге ата-анасының бірі туралы; жетім балалар және он сегіз жасқа толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы; оралмандар туралы мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері мен нотариус «электронды үкіметің» шлюзі арқылы Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Қызмет көрсету мерзімі: 3 жұмыс күнінің ішінде. Жеделдетілген тәртіпте – жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына» КЕАҚ өтініш түскен сәттен бастап, келесі жұмыс күні.
Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: тіркеу немесе тіркеуді тоқтату туралы хабарлама жолдау немесе тіркеуді тоқтату немесе тіркеуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.
2. Тіркелген жері бойынша Тасқала ауданы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ аудандық бөлімінде.
Өтінішке қоса берілетін құжаттар:
- жылжымайтын мүліккке құқықты мемлекеттік тіркеу (құқық ауыртпалығын) туралы;
- жылжымайтын мүліктің техникалық төлқұжатын және (немесе) жер теліміне арналған сәйкестендіру құжатын (жердің акті) қоса тіркей отырып, тіркеу нысанын растайтын құқық белгілеуші және өзге де құжаттар. Құқық белгілейтін құжаттарға нелер жататынын мұнда білуге болады;
- өтініш берушінің немесе уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
- жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу үшін алымды төлеу туралы түбіртек (төлем екінші деңгейлі банктердің немесе «Қазпошта» АҚ-ның есептік-кассалық бөлімдері арқылы жүзеге асады).
Қызмет көрсету мерзімі: 3 жұмыс күні (құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді). Жеделдетілген тәртіпте – өтініш түскен сәттен бастап келесі жұмыс күні.
Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: жылжымайтын мүлік құқығына (ауыртпалықтар) мемлекеттік тіркеу жүргізілгені немесе тіркеуді тоқтату туралы белгісі бар құқық белгілейтін құжат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.
Жария етілген мүлікке табыс салығы салынбайды және ол тәркіленбейді.