Тасқала ауданының әкімдігі
091000, БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі 23

«Қолжетімді әкімдік»

Жылжымайтын мүлікті сатып алу – маңызды қадам болып саналады, ал егер үй таңдау сәтті болса, онда ол тағы бір жақсы қаржы салу болыпта есептеледi.

Жақсы бағаға ең үздік нұсқа табу үшін, нарықты зерттеп, көптеген нұсқаларды қарау керек. Бұл мәселеде мамандандырылған сайттар мысалы, krisha.kz немесе риэлторлар көмектесе алады. Риэлтор ынтымақтастықты ресімдеу кезінде ол ұсынатын қызметтер туралы келісім-шартты мұқият оқыңыз, әйтпесе алаяқтарға тап болып ақша жоғалтып алуыңыз мүмкін.

Егер сіз арман еткен пәтеріңізді тапсаңыз онда ең жауапты сәт-мәміле рәсімдеу процессі басталады. Жылжымайтын мүлікті қолма-қол ақшаға сатып аласыз ба немесе ипотека ресімдейсіз бе,  ол процесс бірнеше сағаттан, бірнеше аптаға дейін созылуы мүмкін.

Пәтерді қолма-қол ақшаға сатып аламын

Міне, сіз өзіңізді қанағаттандыратын пәтерді таптыңыз да қожайынымен құны туралы келістіңіз. Бірақ бірден ақшаны сатушыға беруге асықпаңыз. Алдымен сіздің алдыңызда жылжымайтын мүліктің меншік иесінің тұрғанына және оның пәтерге қатысты құжаттарының дұрыстығына көз жеткізіңіз. Бұл үшін:

  1. сатушыдан жеке куәлігін және пәтерге құқық белгілейтін құжаты барын сұраңыз. Пәтерге құқық белгілейтін қандай құжаттардың болатынын мына жерден қараңыз («Қалайша жылжымайтын мүліктің меншік иесі болуға болады»-мақаласына сілтеме);
  2. құқық белгілейтін құжат сатушыға рәсімделуі тиіс және ол Тасқала ауданы аудандық әділет Басқармасында тіркеледі, оны құжаттағы тиісті мөртаңбалар дәлелдейді;
  3. егер құжатта бірнеше меншік иесі  көрсетілген болса, онда сатып алу-сату келісім-шартын жасасу кезінде олардың барлығының қатысып жатқанына немесе не сатушыда олардың  нотариалды түрде куәландырылған сенімхаттары барына көз жеткізу қажет;
  4. егер де құжатта меншік иелері ретінде балалар көрсетілсе, онда  сатып алу-сату  келісім-шартын жасасу кезінде сатушы балалардың тіркелген орны бойынша – Тасқала аудандық Білім Басқармасының тиісті рұқсат беру бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі бөлімінен, кәмелетке толмағандардың үлесін сатуға рұқсат беруші шешімін көрсетуі қажет;
  5. жылжымайтын мүлік сатушы некеде тұрған кезде сатып алынған ба екен, соны анықтаңыз. Егер де «Ия» болса, онда жұбайы/зайыбы оны сатуға нотариаттық түрде куәландырылған келісімін беруі тиіс;
  6. пәтердің нақты жоспарлануы, оның техникалық жоспарына сәйкес келетіндігін тексеріңіз. Егер де сәйкес келмесе, онда сатушы алдымен енгізілген өзгерістерістерді заңдастыруы қажет;
  7. жылжымайтын мүлікке қатысты туындауы мүмкін қиындықтардың жоқтығына көз жеткізіңіз. Ол үшін сатушы сатып алу-сату келісім-шартын түзу кезінде, өзінің жылжымайтын мүлікке құқық беруші анықтамаларды  және оның техникалық мүмкіндіктері туралы құжаттырды ұсынуы тиіс. Аталмыш анықтама – жылжымайтын мүліктің қамақта, кепілде, тиымда тұрмағандығын және сатушы бұл мүлікті иелік етуге қатысты барлық құқыққа ие екендігін растайды.

Құқық орнататын құжаттар

Мүлікке меншік құқығын орнататын құжаттар мынадай болуы мүмкін:

  1. сатып алу-сату шарты (егер жылжымайтын мүлік сатып алу арқылы алынған болса);
  2. айырбас шарты (егер жылжымайтын мүлік сатып алынды алмасу);
  3. сыйға тарту келісім-шарты (егер жылжымайтын мүлік сыйланса);
  4. өмір бойы күтіп ұстау шартымен келісім;
  5. жекешелендіру туралы шарт (жылжымайтын мүлік жекешелендіру);
  6. пайдалануға қабылдау туралы акті (егер тіркеледі, жаңадан салынған немесе жөндеуден өткен/қайта пландалған объект);
  7. сауда-саттықтан сатып алу туралы жария акт;
  8. ортақ мүліктегі үлесіне (ерлi-зайыптылардың қоса алғанда) меншік құқығы туралы куәлік (жұбайы немесе басқа тең иелері өз акцияларының көлемін нотариуста анықтаған жағдайда);
  9. меншік құқығын растайтын заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесі (мүлкін бөлу, соттар арқылы меншік құқығын тану қоса алғанда);
  10. заттай борышкердің мүлкін беру туралы сот орындаушысы шешім (сатып алу құқығын жоғалту жағдайларда);
  11. мүлкін бөлу туралы келісім (иелері ерікті бөлімін жасаған жағдайда);
  12. неке келісім-шарты (ерлі-зайыптылар онда меншік құқығын анықтаған жағдайда);
  13. мұрагерлік құқығы туралы куәлік (мүлік мұра арқылы тиесілі болса);
  14. ассоциация туралы меморандумға және сіз заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде жасауға қабылдау және беру актісі;
  15. құрылтай заңды тұлғаның құжаттарын немесе сот органы уәкілетті заңды тұлға немесе орган меншiк иесi уәкiлдiк берген, немесе құрылтайшылар (қатысушылар) немесе органның мүлкінің меншік иесі шешімі, сондай-ақ осы шешімімен бөлу балансы немесе актісі бекітілді (заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру жағдайда);
  16. сауда нәтижелері, конкурстар, аукциондар, мемлекеттік мүлікті тікелей мақсатты сату келісім-шарттар мен сияқты, сондай-ақ мүлікті сату немесе осы хаттамаларды кез келген негізінде жасалған келісім-шарттың шарт;
  17. әкімінің, жер сату шартының шешімі.

Бұл тізімде кең тараған құжаттар түрі көрсетілген. Құқық орнататын құжат Тасқала ауданы Әділет департаментінде тіркеліп және тиісті жазууы болуы тиіс. Мүлікке меншік құқығы уәкілетті органда тіркеу сәтінен басталады.

Сатып алу-сату келісім-шартының рәсімдеуінің 2 нұсқасы

1. Нотариустың қатсуынсыз.

Бұл мақсат үшін тараптар, заңнамаға сәйкес келетіндей етіп сатып алу-сату  келісім-шартын өздері дайындайды немесе бұл қызмет бойынша заңгерге жүгінеді. Одан кейін Тасқала ауданы Әділет басқармасына жүгінулері керек. Осы мекеменің маманы құжаттар мен тараптардың құқықтарын тексереді және де сатып алушы мен атушының  қолтаңбаларын растайды. Сіз Тасқала ауданы «Азаматтарға арналған Үкімет» (ХҚО) «Мемлекеттік корпорациясы ҰАҚ-на» тіркеу үшін құжаттарды тасырасыз («Қалайша жылжымайтын мүліктің меншік иесі болуға болады?» мақаласына сілтеме).

Назар аударыңыз! Сатып алушы/сатушының жұбайы не зайыбының, сатып алу/сатуға рұқсатын алуға бәрібірде нотариусқа жүгінуіңізге тура келеді.

2. Нотариус арқылы.

Бұл нұсқадағы сатып алу-сату келісім-шарты нотариус арқылы түзіледі. Ол сондай-ақ, пәтерге құқық беруші құжаттарды және сатушының сатуға қатысты өкілдігін тексереді және тараптардың қолдарын растайды, сатып алушы/сатушының жұбайы не зайыбының, сатып алу/сатуға қатысты келісімдерін рәсімдейді, келісімнің маңызы мен салдарын түсіндіреді. Нотариус арқылы түзілген сатып алу-сату келісім-шарты тіркелген мекен жайы бойынша Тасқала ауданы «Азаматтарға арналған Үкімет» (ХҚО) «Мемлекеттік корпорациясы ҰАҚ-на» келісім-шарт түзілген кезден 6 ай уақыттан аспайтын мерзім ішінде немесе egov.kz. сайтында тіркелуі қажет.

Қалайша жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркелу жөніндегі Куәлікті алуға болатындығы туралы мына жерден білуге болады

Сатушыға, пәтер үшін ақшаны қашан беруге болады?

Сатушыға жылжымайтын мүлік үшін ақы төлеудің 3 нұсқасы бар: сатып алу-сату келісім-шартын түзердің алдында, түзілу кезінде және одан кейін. Бірінші нұсқа барынша тиімсіз саналады, себебі бұл жағдайда сатып алушының қаржысынан айырылып қалу қаупі өте жоғары. Егер де бәрібірде ақшаны бірден бергіңіз келсе, онда кепілақы шартын түзуге кеңес береміз.

Енді басқа екі нұсқаны қарастырайық.

  1. Сатып алу-сату келісім-шартын түзіліп жатқанда берілетін ақша. Сіз келісім-шартты нотариуста рәсімдеп жатсыз ба, жоқ па соған қарамастан, келісім-шарттың тексінде пәтердің ақысы теңгеде көрсетіледі және оны төлеу тәсілдері көрсетіледі. Нотариус негізінен келісімді рәсімдеу уағында ақшаның төленген, төленбегендігін тексереді. Егер де тараптар есепті дәл сол жерде жүзеге асырғылары келсе, онда ол ақының келісім түзіліп жатқанында және өзінің қатысуы кезінде жүзеге асырылғанын көрсетеді.  Келісімге қол қойылғаннан соң және сатып алушы сатушыға ақшаны бергеннен кейін, сатушы сатып алушыға сатып алу-сату  келісім-шартын оны одан әрі Тасқала ауданы «Азаматтарға арналған Үкімет» (ХҚО) «Мемлекеттік корпорациясы ҰАҚ-на» тіркету үшін береді. («Қалайша жылжымайтын мүліктің иесі атануға болады?» мақаласына сілтеме).
  2. Ақшаны сатып алу-сату  келісім-шартын түзеннен кейін төлеу. Бұл нұсқа негізінен сатып алушыда қажет ақша толық көлемде болмаған жағдайда қолданылады, келісім-шартта оның сатушыға ақшаның қалған бөлігін қандай тәсілдермен төлеу жолдары көрсетіледі. Бұл жерде қажет соманы алмай тұрып, пәтердің құжаттарын рәсімдеп жатқан сатушы тәуекелге барады. Сондықтан да төлемге қатысты барлық жайды келісімге енгізуі керек. Сол арқылы қажеттілік туындаған жағдайда сотқа арызданып, ақшаны сот арқылы өндіріп алуға мүмкіндігі болады.
Қолдану
Бас тарту