Тасқала ауданының әкімдігі
091000, БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі 23

«Қолжетімді әкімдік»

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, біздің елімізде уақытша мекенделетін шетел азаматтары тиісті органда тіркелуге міндетті. Ішкі істер органдарындағы тіркеме Қазақстан Республикасына келгеннен кейін 5 күн ішінде жасалуы тиіс.

Тіркеу тәртібіне келесі өзгерістер енгізілген:

Аустралия, Аустрия, Бельгия, Ұлы Британия, Греция, Дания, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Канада, Лихтенштейн, Люксембург, Малайзия, Монако, Нидерланд, Жаңа Зеландия, Норвегия, Португалия, Сингапур, АҚШ, Швейцария, Швеция, Финляндия, Франция, ГФР, Жапония мен Корея Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының шетелдік консулдықтарында визаларды рәсімдеу кезінде немесе Қазақстанның 12 халықаралық әуежайларында төлқұжаттық-кедендік бақылаудан өту кезінде өз төлқұжатындағы тіркеуін ала алады - 2 штамп бар болса.

Ескерту: Қазақстан Республикасының шетел консулдығында немесе халықаралық әуежайының кеденінде төлқұжатты тіркеуден өтуден кейін, тіркеу үшін полиция органдарына жүгіну қажет емес. Егер шетел азаматы халықаралық әуежайдың кедендік бекетінде тіркеуден өте алмаса, оның орналасу жері бойынша көші-қон полициясында тіркелу құқығы бар. Тіркеу тегін жасалады.

Egov.kz порталында қызметті қалай алуға болады?

Бұл үшін сізге қажет:

  1. ЭЦҚ (электронды цифрлік қолтаңба) алу;
  2. авторизациядан өту және ЭЦҚ куәландырылған сауал беру;
  3. сауалда осы құжаттар мәліметтерін белгілеу қажет:
  • Қазақстан Республикасына келу және мекенделу визасы бар шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ тұлғаны куәландыратын жарамды құжат мәліметтері. Визасыз мекенделу туралы келісімдер ратификацияланған елдер азаматтары үшін виза қажет емес;
  • Мемлекеттік шекарадан өткізу бекеттерінде Қазақстан Республискасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің лауазымды тұлғаларымен берілетін шекарадан өту белгісі бар көші-қон карточкасының мәліметтері.

Тұлғаны куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді қызмет көрсетуші тиісті мемлекеттік ақпараттық қызметтерден «электронды үкімет» шлюзы арқылы алады.

Қызмет көрсету мерзімі: 15 минут.

Қызмет көрсету түпкі нәтижесі: қағазда басып шығарылатын, қызмет көрсетушінің өкілетті тұлғасының электронды цифрлік қолтаңбасымен куәландырылған электронды құжат нысанындағы шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ тұлғаның тіркелуі туралы төлқұжатқа қосымша.

Қызметті тағы қайда алуға болады?

Сондай-ақ, қызметті Орал қаласы немесе Тасқала ауданы Көші-көн полициясының басқармасында алуға болады.

Бұл үшін сізге осы құжаттарды көрсету қажет:

  1. Қазақстан Республикасына келу және мекенделу визасы бар шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ тұлғаны куәландыратын жарамды құжат. Визасыз мекенделу туралы келісімдер ратификацияланған елдер азаматтары үшін виза қажет емес;
  2. Мемлекеттік шекарадан өткізу бекеттерінде Қазақстан Республискасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің лауазымды тұлғаларымен берілетін шекарадан өту белгісі бар көші-қон карточкасы;
  3. еркін нысандағы тіркеу туралы өтінішхат.

Қазақстан Республикасына 6 айдан асатын мерзімге келу жағдайында, сіз қосымша беруіңіз қажет:

  1. толтырылған екі келу туралы мекенжай парақтары (сол жерде толтырылады);
  2. келу парағына қосылатын толтырылған статистикалық есеп талоны (сол жерде толтырылады);
  3. 3,5 х 4,5 см өлшеміндегі бір фотосурет.

Қызмет көрсету мерзімі: 1 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің түпкі нәтижесі: көші-қон карточкасында қызмет көрсетуші лауазымды тұлғасының мөрінің мен қолтаңбасының қойылуы.

Тіркелуі жеке өтінішімен жасалатын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың категорияларымен осы сілтеме бойынша танысып көруге болады.

Қолдану
Бас тарту