Тасқала ауданының әкімдігі
091000, БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі 23

«Қолжетімді әкімдік»

Қаланың белгіленген жеріне жылдам жету қажет кезде, такси - көліктің ең ыңғайлы түрі болады. Нью-Йорктің сары таксилері, Лондонның қара кэб көліктері осы қалалардың ажырамас белгісіне айналды. Тасқала ауданындағы такси жүйесі қалай жұмыс істейтінін осы мақалада ары қарай оқып білуге болады.

Такси түрлері

Тасқала ауданында таксидің екі түрі бар. Біріншісі - әдетте «ресми» деп аталады, әғни бұл такси компаниялары қызметтерін есептегіш немесе орнатылған тарифтер бойынша ұсынады, олардың үйретілген қызметкерлері және көлікке телефон арқылы тапсырыс беру мүмкіндігі бар. Олардың ішіне Қазақстан нарығына жақында келген такси компанияларын да жатқызуға болады: Uber, YandexTaxi және т.б.

Такси қызметінің басқа түрі - дербес тасымалдау, онымен қаланың көп тұрғындары айналысады. Осы жағдайда «такси аулау» үшін жол шетінде тұрып қол көтеру жеткілікті болады. Қосымша табыс табуды қалайтын жүргізушілер тоқтап, сіздің белгілеген мекенжай мен бағаңызға қанағатты болса, олар сізге көлікке отыруға шақырады. Алайда,  жүргізушінің сіздің қаланы білмеуіңізді пайдаланып, сізді ең ұзақ жолмен апару, жолмен басқа жолаушыларды алу, өте жоғары баға қою, немесе тіпті қате жерге апарып тастау тәуекелі бар екенін түсінуіңіз жөн.

Ресми таксиге тапсырыс беру

Дербес тасымалдаушыларға қатысты ыңғайсыздыққа және тәуекелге тап болмау үшін, телефон немесе мобильді бағдарламалар арқылы таксиге тапсырыс жөн. Әрине, оның бағасы таксиді жолда аулау кезіндегі бағадан жоғарырақ болуы мүмкін, алайда жайлылық пен қауіпсіздік сізге кепілді болады.

Тасқала ауданында таксиге тапсырыс беруге болатын ең таралған мобильді бағдарламалар: Uber, YandexTaxi. Функционалы бұл компаниялар жұмыс істейтін әлемнің кез-келген қаласында бірдей болады.

«Командир», «Лидер», «Эко Такси», «Сити Такси», «Эконом Такси» сияқты жергілікті қызметтер арқылы таксиге тапсырысты телефонмен жасау ең ыңғайлы болады. Такси қызметтерінің телефон нөмірлерін осында көруге болады.

Қолдану
Бас тарту