Тасқала ауданының әкімдігі
091000, БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі 23

«Қолжетімді әкімдік»

Сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мамандар мемлекеттік аттестациядан өтуге тиіс.

Сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманы жүзеге асыруға аттестат алу үшін басшы ретінде сіз төмендегі жерлерге жүгіне аласыз.

Портал арқылы аттестациядан өтуге құжат тапсыру

Сіз аттестациядан онлайн өтуге www.elicense.kz порталында құжат тапсыра аласыз.

Ол үшін сізге қажет:

  1. ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) алу; 
  2. www.elicense.kz  порталында тіркелу және авторизациядан өту;
  3. төмендегі құжаттардың электрондық көшірмелері тіркелген өтініш беру:
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің басшысы немесе сот сараптамалары органының аумақтық бөлімшесінің бастығы немесе оны орнын басатын адам дайындаған сот сарапшысына кәсіби біліктілік деңгейін көрсететін мінездемесі;
  • сот сарапшысының соңғы жылдың ішіндегі қорытындыларына рецензия;
  • белгіленген нысан бойынша мәліметтер.

Қызметті көрсету мерзімі: 15 жұмыс күні. Мемлекеттік баж төленбейді.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: аттестациялық куәлік алу немесе бас тарту туралы негізделген жауап.

Уәкілетті орган арқылы аттестациядан өтуге құжат тапсыру

Аттестациядан өтуге құжат тапсыру үшін сіз Тасқала ауданы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына келесі құжаттарды ұсынуыңыз керек:

  1. өтініш;
  2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің басшысы немесе сот сараптамалары органының аумақтық бөлімшесінің бастығы немесе оны орнын басатын адам дайындаған сот сарапшысына кәсіби біліктілік деңгейін көрсететін мінездемесі;
  3. сот сарапшысының соңғы жылдың ішіндегі қорытындыларына рецензиясының көшірмесі;
  4. белгіленген нысан бойынша мәліметтер.

Қызметті көрсету мерзімі: 15 жұмыс күні. Мемлекеттік баж төленбейді.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: аттестациялық куәлік алу немесе бас тарту туралы негізделген жауап.

Қолдану
Бас тарту