Тасқала ауданының әкімдігі
091000, БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі 23

«Қолжетімді әкімдік»

Анықтамаға сәйкес, құрылыс-монтаждау жұмыстары – бұл ғимараттар мен құрылыстарды салу, сондай-ақ технологиялық жүйелер мен жабдықтарды монтаждау кезінде орындалатын жұмыстар.

Монтаждау-құрылыс қызметін жүзеге асыру үшін сіз ДК немесе ЖШС ретінде мемлекеттік тіркеуден өтуіңіз керек.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру үшін арнайы біліктіліктің болуын талап ететіндіктен, бұл қызмет түрі лицензиялауға жатады.

Лицензияны қалай алуға болады?
 
Тіркелген жеріңіз бойынша Тасқала ауданы «Азаматтарға арналған үкімет» МК-на жүгіну арқылы лицензия ала аласыз.

Ол үшін сізге келесі құжаттарды ұсыну керек:

  1. заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның белгіленген нысандағы өтініші;
  2. жеке тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;
  3. 10 АЕК (2022 жылы - 30 630 теңге) мөлшерінде мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртектер (банктің немесе «Қазпошта» АҚ есеп айырысу-кассалық бөлімшесінде төлеуге болады);
  4. құрылыс-монтаждау жұмыстарын лицензиялау кезінде қойылатын ұсынылатын біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер (ұсынатын орында толтырылады);
  5. шетел азаматы қосымша шетел азаматтары үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарына тиісті растамасы бар шет мемлекет лицензиясының немесе тиісті рұқсат құжатының көшірмесі (1 немесе 2 дәрежелі лицензия алу қажет болғанда) ұсынады.

Қызметті көрсету мерзімі: 5 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: лицензия алу немесе қызмет көрсетуден бас тартқаны туралы себептемелі жауап.

Лицензияны онлайн қалай алуға болады?
 
Қазіргі уақытта Қазақстанда негізгі қызмет түрлерін электрондық лицензиялауға көшу жүзеге асырылды. Осыған байланысты сіз лицензияны www.elicense.kz порталында онлайн ала аласыз.

Ол үшін сізге қажет:

  1. ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) алу;
  2. www.elicense.kz порталында тіркелу және авторизациядан өту;
  3. заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның өтінішін құжаттардың электрондық көшірмелерімен бірге ұсыну:
  • 10 АЕК (2022 жылы - 30 630 теңге) мөлшерінде мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртектің электрондық көшірмесі (банктің немесе «Қазпошта»АҚ есеп айырысу-кассалық бөлімшесінде немесе өтініш www.elicense.kz порталы бойынша берілген жағдайда «электрондық шлюз» арқылы төлеуге болады);
  • құрылыс-монтаждау жұмыстарын лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер;
  • шетел азаматы қосымша шетел азаматтары үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарына тиісті растамасы бар шет мемлекет лицензиясының немесе тиісті рұқсат құжатының көшірмесін электронды көшірме нысанында (1 немесе 2 дәрежелі лицензия алу қажет болғанда) ұсынады.

Қызметті көрсету мерзімі: 5 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: лицензия алу немесе қызмет көрсетуден бас тартқаны туралы себептемелі жауап.

Қолдану
Бас тарту