Тасқала ауданының әкімдігі
091000, БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі 23

«Қолжетімді әкімдік»

Медициналық қызмет – бұл дәрігерге дейінгі, амбулаториялық-емханалық, стационарлық, жоғары технологиялық, жедел және шипажайлық-курорттық медициналық көмек көрсету жұмыстары немесе қызметтері.  

Сіз тиісті лицензиясыз кез-келген медициналық қызметті жүзеге асыра алмайтыныңызды білуге тиіссіз.

Лицензияны қалай алуға болады?
 
Лицензияны төмендегі орындарға жүгіну арқылы ала аласыз:
  1. Тасқала ауданының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы;
  2. тіркелген жеріңіз бойынша Тасқала ауданы «Азаматтарға арналған үкімет» МК-на.

Ол үшін төмендегі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

  1. жеке тұлға немесе заңды тұлға ретіндегі өтініш;
  2. жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;
  3. 10 АЕК (2017 жылы - 22 690 теңге) мөлшерінде мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек (банктің немесе «Қазпошта» АҚ есеп айырысу-кассалық бөлімшесінде төлеуге болады);
  4. біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер нысаны;
  5. үй-жайға немесе ғимаратқа меншік құқығын (құқық белгілейтін құжат), мемлекеттік мүлікті жалдау (жалгерлік шарты) немесе сенімгерлік басқару құқығын куәландыратын құжат (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
  6. жоғары немесе орта медициналық білім туралы диплом (түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
  7. қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар немесе біліктілікті арттыру туралы куәліктер (түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
  8. мәлімделетін қызмет түршелеріне сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат (түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған еңбек кітапшасы).

Қызметті көрсету мерзімі: 15 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: лицензия немесе қызмет көрсетуден бас тартқаны туралы негізделген жауап.

Лицензияны онлайн қалай алуға болады?
 
Қазіргі уақытта Қазақстанда негізгі қызмет түрлерін электрондық лицензиялауға көшу жүзеге асырылды. Осыған байланысты сіз лицензияны www.elicense.kz порталында онлайн ала аласыз.

Ол үшін сізге қажет:

  1. ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) алу;
  2. порталда тіркелу және авторизациядан өту;
  3. жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның өтінімін төмендегі құжаттардың электрондық көшірмелерімен бірге ұсыну:
  • 10 АЕК (2017 жылы - 22 690 теңге) мөлшерінде мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртектің электрондық көшірмесі (банктің немесе «Қазпошта» АҚ есеп айырысу-кассалық бөлімшесінде немесе өтініш www.elicense.kz порталы бойынша берілген жағдайда «электрондық шлюз» арқылы төлеуге болады);
  • біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер нысаны;
  • үй-жайға немесе ғимаратқа меншік құқығын (құқық белгілейтін құжат), мемлекеттік мүлікті жалдау (жалгерлік шарты) немесе сенімгерлік басқару құқығын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
  • жоғары немесе орта медициналық білім туралы дипломның электрондық көшірмесі;
  • қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар немесе біліктілікті арттыру туралы куәліктердің электрондық көшірмелері;
  • мәлімделетін қызмет түршелеріне сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат.  

Қызметті көрсету мерзімі: 15 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: лицензия немесе қызмет көрсетуден бас тартқаны туралы себептемелі жауап.

Лицензияға қосымша алу
 
Лицензияның бұл түрі бірнеше әртүрлі көрсетілетін қызметтерді қамтиды. Қосымша көрсетілген қызмет бойынша лицензияға қосымша алу үшін сіз қосымша алуға өтініш беруіңіз керек:
  1. Тасқала ауданының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына;
  2. тіркелген жеріңіз бойынша Тасқала ауданы «Азаматтарға арналған үкімет» МК-на;
  3. www.elicense.kz порталында.

Ол үшін сіз келесі құжаттарды ұсынуыңыз керек:

  1. жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның өтініші;
  2. біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер нысаны;
  3. үй-жайға немесе ғимаратқа меншік құқығын (құқық белгілейтін құжат), мемлекеттік мүлікті жалдау (жалгерлік шарты) немесе сенімгерлік басқару құқығын куәландыратын құжат (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
  4. жоғары немесе орта медициналық білім туралы диплом (түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
  5. қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар немесе біліктілікті арттыру туралы куәліктер (түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
  6. қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат (түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған еңбек кітапшасы).

Қызметті көрсету мерзімі: 15 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: ли

Қолдану
Бас тарту