Тасқала ауданының әкімдігі
091000, БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі 23

«Қолжетімді әкімдік»

Өзіңіздің жұмысқа орналасуыңыздың қамын ойлау үшін сіз Тасқала ауданының жұмыс тауып беру агенттіктеріне немесе рекрутингтік агенттіктеріне жұмыс табу туралы өтінішпен бара аласыз.

Бұл делдал ұйымдар жұмысты табу бойынша ақылы негізде қызмет көрсетеді. Егер сізге ұсынылған серіктестік жағдайлары ұнаса, келісім-шарт жасасуыңыз тиіс. Шартта жақтардың құқықтары мен парыздары, агенттік жұмыс іздеушіге белгілі бір уақыттың мерзімі ішінде тауып беруі тиіс бос орындардың саны көрсетілуі тиіс. Байсалды кадрлық агенттіктер жекеше әрбір нақты тұлғамен оның жұмысқа алынғанына шейін және сынақ мерзімінің бітуіне дейін жұмыс жасайды.

Жұмысқа орналастыру агенттіктері

Жұмысқа орналастыру агенттіктерінің қызметінің ерекшелігіне байланысты олардың арасында бір күндік фирмалар кездеседі. Олардың ізденушіге қызығушылығы жұмыс табу бойынша қызмет көрсету үшін алдын ала төлем жасағаннан кейін бітеді. Біраз уақыт күн көргеннен кейін, бұндай ұйымдар клиенттердің алдында өздерінің міндеттемелерін орындамай жабылады. Осындай өтірік агенттіктердің айлакерліктерінен олардың тарихын және ұйымның репутациясын біліп алып құтылуға болады. Олар туралы куәліктер, дипломдар және жақсы жұмыс үшін алғыс хаттары айта алады. Бұндай өзінің дәйектілігі туралы куәліктерді жұмысқа орналастыру агенттіктері әдеттегідей жасырмайды, бірақ келушілерге таныстыру үшін көрсетеді. Кадрлық агенттіктердің жұмыскерлерінің өздері шағын бастапқы жарнаны алатын фирмаларға баруға кеңес береді. Олардың лебізі бойынша, сіз туралы ақпаратты дерекқорға енгізу үшін төлемнің көлемі агенттіктің сіздің жұмысқа орналасуыңыз жайлы қызығушылығына мөлшерлес болып келеді. Егер фирма символдық тариф орнатса, онда оның шынымен нәтижеде қызығушылығы бар деген сөз, басқа сөзбен айтқанда, ол сізді бос орынға жайластыру нәтижесіндегі сіздің бірінші жалақыңыздан ала алатын пайыздарыңызға сүйенеді деуге болады.

Рекрутингттік агенттіктер

Егер сіз өзіңіздің салаңызда маман болып келсеңіз, тапсырыс беруші компанияларға қызметкерлерді сайлап алуды орындайтын рекрутингтік агенттік сіздің кандидатураңызбен құштарлануы мүмкін. Соңғылары үміткерлерге жоғары талаптарды қозғайды. Тәжірибе көрсеткендей, жұмыссыздардың тек шағын бөлігі жұмыскерлерді таңдап алу агенттіктердің көмегімен жұмысқа тұра алады.

Бұндай агенттік ізденіскерлерді жұмысқа орналастырудың міндеттемесін өзіне алмайды.

Сізбен тек сіздің кандидатураңыз өңдеуде болған бос орындардың біріне сәйкес келетін жағдайда ғана жұмыс жасайды.

Жұмысты іздеу бойынша интернет-сайттар

Жұмыс іздеудің барысында делдалдарға жүгінгісі келмейтіндерге жұмыс іздеуге арналған интернет-сайттарда бос орындардың ауқымды базасы бар: enbek.kz, hh.kz, olx.kz/rabota/, 24rabota.kz, rabota.nur.kz, birzhatruda.kz.

Қолдану
Бас тарту