Тасқала ауданындағы мемлекеттік және жекеше жоғары оқу орындары студенттерге студенттік жатақханаларда тұруды ұсынады.
Егер cіз студенттік жатақханадан орын алуға үміттенетін болсаңыз, cіз оның кімге және қалай берілетінін білуіңіз керек.
Egov.kz потралында қызметті қалай алуға болады?
Egov.kz порталына өтінім беру үшін:
- ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) алу. ЭЦҚ алу туралы мұнда білуге болады;
- авторландырылу және ЭЦҚ қоя отырып өтініш беру.
Қызмет көрсету мерзімі: 3 жұмыс күні.
Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: жоғары оқу орнында оқитындарға жатақхана беру туралы жолдама.
Жоғарғы оқу орнына өтінім беру
Жоғары оқу орнына жатақхана алуға өтінім беру үшін сіз келесі құжаттарды тапсыруыңыз қажет:
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- екі бірдей немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі немесе балалар үйінен анықтама (бар болған жағдайда);
- оралман мәртебесі туралы куәліктің көшірмесі (бар болған жағдайда);
- отбасында 4 және одан да көп балалардың болуы туралы анықтама (егер отбасы көп балалы болса);
- мүгедектікті растау туралы туралы анықтама (бар болған жағдайда).
Қызмет көрсету мерзімі: 3 жұмыс күні.
Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: жоғары оқу орнында оқитындарға жатақхана беру туралы жолдама.
Артықшылықтарға ие болатын санаттар
Студенттік жатақханада орындарды бөлу барысында артықшылықтарға иемденетін санаттар:
- I және II топтағы бала кезінен мүгедектер, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ата-аналарының бірі мүгедек балалар;
- кәмелеттік жасқа жеткен сәтте ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар, ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер және кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалар, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандыққа түскен ауыл жастары, сондай-ақ ҚР азаматтары болып табылмайтын оралмандар;
- «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін-2050») бағдарламасының аясында білім алушылар;
- «Алтын белгі» белгісіне ие болған, бірінші курсқа қабылданған білім алушылар, Президенттік, халықаралық және республикалық олимпиадалар және (немесе) конкурс жеңімпазы сертификаты бар білім алушылар, сондай-ақ білімін растайтын құжаты бар (куәлік, аттестат, диплом) оқу орнын үздік бітірген талапкерлер;
- ұйыммен жүргізілген тестілеу нысанындағы немесе пәндер бойынша оқуға түсу емтихандарының, Кешенді тестілеудің немесе Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша жоғары балл алған, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес бірінші курсқа оқуға қабылданған білім алушылар;
- оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыстардан жоғары нәтижелері бар жоғары курстарда оқитындардың арасынан білім алушылар.
Ескерту: жатақханадан орын алатын үміткердің жеке меншігінде Қазақстан аумағында баспанасы болмауы тиіс.