Шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік (тіркеу куәлігі) шақырылушының әскери есепте тұрғанын дәлелдейтін құжат болып табылады.
Бұл құжатсыз cізді жұмысқа, кәсіптік колледжге немесе жоғары оқу орнына оқуға қабылдамайды. Тіркеу куәлігі – cіз әскери қызметке шақырылғанша немесе запасқа есептен шығарылғанша қолданылады.
Тіркеу куәлігін алу үшін қайда жүгіну керек
- Тіркелген жері бойынша Тасқала ауданы «Азаматтарға арналған Үкімет» МК аудандық бөлімшесіне (ХҚО).
- Тіркелген жері бойынша Тасқала аудандық Қорғаныс істері жөніндегі басқармасына.
Сізге келесідей құжаттарды ұсыну қажет:
- шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлікті алуға арналған өтініш беру;
- аудандық (қалалық) медициналық комиссияның хаттамалары кітабынан үзінді;
- жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін);
- 3х4 фотосурет – 2 дана.
Қызмет көрсету мерзімі: 30 жұмыс күн ішінде.
Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік беру.