Тасқала ауданының әкімдігі
091000, БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі 23

«Қолжетімді әкімдік»

Қазақстанда ер адамдар 60 жасқа дейін әскери міндетті болып табылады, осыған байланысты cізде әскери билеттің болуы қатаң түрде міндетті болып табылады. Ол жоғалған немесе бүлінген жағдайда, шұғыл түрде құжатты қалпына келтіру жұмыстарын қамтамасыз ету қажет.

Әскери билет иесінің кінәсінен қасақана бүлінсе, жойылса немесе жоғалса, ескерту немесе 5 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген.

Әскери билет жоғалған жағдайда cізге 7 жұмыс күні ішінде «Азаматтарға арналған Үкімет» Уральск қ. (ХҚО) МК-ның аудандық бөлімшесіне әскери билеттің телнұсқасын алу үшін жүгіну керек.

Ол үшін cіз келесідей құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

  1. белгіленген нысандағы өтініш;
  2. жеке куәліктің көшірмесі (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін түпнұсқасы);
  3. Уральск қ. Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінен анықтама - табиғи апат кезінде жоғалған (құжаттар жойылған) жағдайда;
  4. Уральск қ. Аудандық Ішкі істер басқармасынан анықтама – құжаттарды ұрлау айғағы анықталған жағдайда;
  5. Уральск қ. Өртке қарсы қызмет департаментінен анықтама өрт кезінде құжаттардың жойылу айғағы анықталған жағдайда;
  6. 3х4 өлшемді екі фото.

Қызмет көрсету мерзімі: 30 жұмыс күні ішінде.

Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: запастағы офицерлерге әскери билет (әскери билеттің орнына уақытша куәлік) беру.

Барлық мән-жайларды (себептерді) анықтау кезеңінде аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО запастағы сарбаздарға (теңізшілерге), сержанттарға (старшиналарға) – сарбаздың, запастағы сержанттың уақытша куәлігін (әскери билеттің орнына), ал запастағы офицерлерге – запастағы офицерлердің уақытша куәлігін (әскери билеттің орнына) береді.

Қолдану
Бас тарту