Тасқала ауданының әкімдігі
091000, БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі 23

«Қолжетімді әкімдік»

Егер сіз жайлы саяхаттауды жақсы көрсеңіз, және де әуе көлігінен жер көлігін ұнатсаңыз, онда пойыз сізге ең лйықты көлік түрі болып табылады.

Билетті интернеттен сатып алу

Электрондық билетті қалай сатып алуға болады?

Билетті Қазақстан Темір Жолы электрондық витринасы сайтынан сатып алуға болады. Төлемді екінші деңгейлі банктің төлем картасы арқылы өткізуге болады. Билет электронды түрде сіз көрсеткен электрондық поштаға келіп түседі. Сіз аталған билетті баспы шығарып, пойызға отыру барысында кондукторына беруіңіз керек. Электрондық билетті пойыздың жүруіне 45 тәуліктен бастап 1 сағатқа дейін сатып ала аласыз. Әрине, билетті ертерек алғаныңыз дұрыс.

Электрондық билетті қалай қайтаруға болады?

epay.railways.kz ресми сайтынан сатып алынған теміржол билетін аталған сайтта немесе кассадан қайтаруға болады.

Қолданылмаған билетті қайтарған кезде сіздің картаңызға келесі соммалар қайтарылады:

  1. билет құны және плацкартаның (пойздағы нөмірленген орын үшін түбіртек) құны, егер билет пойыздың жүруіне дейін 24 сағаттан кем емес қайтарылса;
  2. билет құны және плацкартаның 50% құны, егер билет пойыздың жүруіне дейін 24 сағаттан кем уақытта, алайда, 6 сағаттан кем емес қайтарылса;
  3. билет құны, егер билет пойыздың жүруіне дейін 6 сағаттан кем уақытта, алайда, пойыз жолаушының жүру станциясынан шықаннан кейн 3 сағаттан аспай қайтарылса.

Басқа сайттарда алынған билет аталған сайттардың тәртіптері бойынша қайтарылады (сайттардың қолдау қызметінен анықтаңыз).

Билеттерді вокзалдан сатып алу
 
Пойызға билетті қалай сатып алуға болады?
 
Теміржол билетін вокзал кассасында немесе терминалдан сатып алуға болады. Ол үшін әр жолаушының жеке куәлігін, немесе басқа да тұлғаны анықтайтын құжатты және де егер 16 жасқа дейінгі балалар сізбен бірге жол жүрсе, олардың туу туралы куәліктерін беру қажет. 

Билетті қалай қайтаруға болады?

Кассаға билетті қайтарған кезде, сіз:

  1. пойыздың жүруіне дейін 24 сағат бұрын билетті қайтарсаңыз билеттің толық құнын ала аласыз;
  2. пойыздың жүруіне дейін 24 сағаттан кем 6 сағатқа дейін билетті қайтарсаңыз билеттің 50 пайыз құнын ала аласыз;
  3. пойыздың жүруіне дейін 6 сағат бұрын билетті қайтарсаңыз билеттің құны қайтарылмайды.
Билетті туристтік агенттіктен сатып алу

Туристтік агенттіктен билетті сатып алу үшін кез келген туристтік агенттікке жолығуыңыз тиіс. Ол үшін әр жолаушының жеке куәлігін, немесе басқа да тұлғаны анықтайтын құжатты және де егер 16 жасқа дейінгі балалар сізбен бірге жол жүрсе, олардың туу туралы куәліктерін беру қажет.

Билеттерге жеңілдіктер

Кәмелетке толмағандарға арналған жеңілдіктер:

Балаға қамқорлық жасайтын және оның құқықтары мен мүддесін қорғайтын баланың ата-анасы, асырап алушысы, қамқоршысы, жанашыры, патронат тәрбиешісі немесе оларды алмастыратын басқа тұлға болып табылатын жолаушы:

  1. өзімен бірге 7 жасқа дейінгі бір баланы егер бала жеке орын алмайтын болса, тегін алып жүруге құқылы. 7 жастан аспаған балаға жеке орын алу үшін жеңілдігі бар балалар жол жүру құжатын (билетін) алуы қажет. Жолаушымен 7 жастан аспайтын бір баладан көп бала жол жүрген кезде бір баладан басқа қалған балаларға жеңілдігі бар жол жүру құжаттары (билеттері) сатып алынады;
  2. жеңілдігі бар жол жүру құжаттары (билеттері) бойынша өзімен бірге 7-ден 15 жасқа дейінгі балаларды алып жүре алады.

7-ден 15 жасқа дейінгі балалардың Қазақстан Республикасы аумағы бойынша жол жүру ақысы үшін ересек жолаушыға белгіленген жол жүру құнының 50% мөлшерінде өндіріліп алынады.

Жастарға, қарттарға, мүгедектерге, көп балалы аналар мен тұрақты клиенттерге арналған жеңілдіктер:

«Тұлпар-Тальго» жолаушыларына арналған бейілділік бағдарламасы бойынша дисконттық картаны сатып алған тұлғаларға келесідей жеңілдіктер қолданылады:

  1. «Жастар» - 16 мен 25 аранлығынданы жастар үшін, жеңілдік көлемі - 30%; 
  2. «Құрмет» - 60 жастан асқан қарттар үшін, жеңілдік көлемі - 30%;
  3. «Қақмор» - 1 және 2 топтағы мүгедектер үшін, жеңілдік көлемі - 90% дейін;
  4. «Ардақты ана» - көп балалы аналар үшін, жеңілдік көлемі - 70% дейін;
  5. «Ардагер» - Ұлы Отан Соғысының ардагерлері, ҰОС-ның 1,2,3 топтағы мүгедектері үшін; жеңілдік көлемі - 99%;
  6. «Ардагер+» - ҰОС-ның ардагерлері мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар үшін, (сонымен қатар локалды соғыстарға қатысушыларға, Чернобльдік АЭС апаттың зардаптарын жоюшыларға және т.б); жеңілдік көлемі - 50%;
  7. «Саяхатшы» - соңғы 12 ай мерзімінде жүрік пойыздарда төменде көрсетілген сомаға жол жүрген тұрақты клиенттер үшін:
  • 100 000 - 150 000 теңге, жеңілдік көлемі - 10%;
  • 150 001 - 200 000 теңге, жеңілдік көлемі - 15%;
  • 200 001 теңгеден артық, жеңілдік көлемі - 20%.

Дисконнтық картаны алу үшін Астана, Алматы, Атырау, Ақтобе, Тараз, Өскемен, Шымкент, Қызылорда, Қараганды қалаларындағы теміржол вокзалдарындағы кассаларға жүгінуіңіз тиіс. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді алуға ұмытпаңыз. 

Алдын-ала сатып алынған билеттерге жеңілдіктер

Билеттерді алдын-ала брондап қою кезінде жеңілдік билеттің құнының 35 пайызын құрауы мүмкін. Аталған жеңілдік дисконттық картадағы жеңілдікпен қоса қоланылады.

Жеңілдіктер бойынша толық мағлұматты  www.temirzholy.kz сайтынан немесе +7 717-2-600-249 телефонынан ала аласыз.

Қолдану
Бас тарту