Тегін медициналық жәрдемнің кепілді көлемі шеңберінде емделушіні ауруханаға стационарға жатқызу келесі жолмен жүзеге асырылады:
- жоспарлы тәртіпте – алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем көрсету мамандарының немесе медициналық ұйымының жолдамасы бойынша;
- шұғыл көрсетімдер бойынша - жолдаманың бар-жоғына қарамастан.
Медициналық көмек алу үшін не қажет?
- Тіркелген жері бойынша немесе нақты тұрғылықты жері бойынша емханаға немесе аурулар түрі бойынша басқа медициналық мекемеге тіркелу.
- Дәрігерге қаралуға жазылу.
- Егер денсаулық жағдайыңызға қарай емханаға бара алмайтын болсаңыз, бөлімшелік терапевт-дәрігерді үйге шақыру.
- ТЖД 103 немесе 109 нөмірі бойынша жедел жәрдем шақыру.