Тасқала ауданының әкімдігі
091000, БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі 23

«Қолжетімді әкімдік»

Қамқорлық пен махаббатқа бөленген бала толыққанды әрі жан-жақты тұлға болып өседі. Оның қадір-қасиетіне ауызша немесе физикалық нысанда келтірілген кез-келген қорлаудың түрі баланың дамуына зиянын тигізеді. Қазақстан Республикасының «Баланың құқықтары туралы» заңында: «Мемлекет баланың жеке басына ешкiмнiң тиiспеуiн қамтамасыз етедi, оны физикалық және (немесе) психикалық жәбірлеуден, адамдық қадір-қасиетін қатігездікпен, дөрекілікпен қорлаудан, кемсітуден, жыныстық қатынас сипатындағы әрекеттерден, баланы қылмыстық iс-әрекетке және қоғамға жат әрекеттер жасауға тартудан, және оны адам мен азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген құқықтары мен бостандығына қысым жасаудың өзге де түрлерiнен қорғауды жүзеге асырады».

Қандай шара қолданған жөн?

Егер сіз балаңыздың мектепте қорлық көріп жүргенін білсеңіз, осындай жағдайдың қайталануына жол бермеу үшін еш кідірместен шаралар қолдану қажет.

Егер сіздің балаңыз басқа оқушылардың қорлайтын (ауызша кемсіту, физикалық зәбір көрсету, бопсалаушылық) нысаны болса, сіз аталған мәселені сынып жетекшісі мен мектеп директорының алдында көтеруіңіз қажет. Орын алған жағдайдың себебін анықтау үшін аталған мектепке бекітілген кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспекторды тартыңыз.

Сіз жағдайдың қиындығына байланысты мектептің орналасқан орны бойынша Тасқала ауданы Білім басқармасының аудандық бөліміне шағым жаза аласыз. Сізге ата-ана ретінде тексеру жүргізіліп жатқан кезде өз балаңызға одан да үлкен психологиялық зиян тигізбеу үшін оған максималды көңіл бөлуіңіз әрі мұқият болуыңыз қажет. Орын алған жағдайдың себептерін анықтау кезінде сіздің балаңыз басқа балалардың тарапынан күлкі мен жасырын қорлау нысаны болып қалмауын мұқият қадағалауыңыз қажет. Баламен бірге мектеп психологына жүгініңіз. Онымен көбірек тілдесіңіз, өз-өзіне тұйықталуына жол бермеңіз және бұдан былай оның өмірінде не болып жатқанына әрқашан қызығушылық танытыңыз.

Егер сіздің балаңыз мұғалім тарапынан зәбір немесе қорлық көрсе, сіз бұл жағдай туралы мектеп басшылығын хабардар етуіңіз, сондай-ақ, Тасқала ауданы Білім басқармасының аудандық бөліміне шағым жазу қажет. 

Қолдану
Бас тарту