Тасқала ауданының әкімдігі
091000, БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі 23

«Қолжетімді әкімдік»

Егер сіз сырқаттанып мектептегі сабақтан қалуға мәжбүр болсаңыз, онда сауыққан кезіңізде медициналық анықтама ұсынуға міндетті боласыз.

Анықтаманы қалай алуға болады?

Медициналық анықтаманы алу үшін сізге келесілер қажет:

  1. тіркелу орны немесе тұрғылықты жері бойынша Тасқала ауданында емханада тіркеуде болу;
  2. учаскелік терапевт-дәрігердің қабылдауына жазылу  немесе учаскелік дәрігерді үйге шақырту.

Қызмет көрсету мерзімі: дәрігердің қабылдауына жүгінген кезде 30 (отыз) минуттан көп емес, үйге шақырған кезде – жұмыс күні ішінде.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымның, мемлекеттік қызметтер стандартының қосымшасына және №035-2/у және № 079/у нысандарына сәйкес нысан бойынша берген анықтамасы.

Қолдану
Бас тарту