Тасқала ауданының әкімдігі
091000, БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі 23

«Қолжетімді әкімдік»

Жолдаманы қалай алуға болады?

Аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылардың ата-аналары немесе қамқоршылары жалпы білім беретін оқу орнының директорына балалар демалысын ұйымдастыру мәселесі бойынша өтініш жазуы қажет.

Өтінішке келесі құжаттар қоса тіркеледі:

  1. ата-ананың жеке басын куәландыратын құжат;
  2. 2007 жылғы 13 тамызға дейін немесе Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  3. өтініш берушінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарына жататынын растайтын анықтама; 
  4. түскен табыстар туралы құжаттар (жалақы туралы анықтама, кәсіпкерлік және басқа да қызметтен түскен табыстар, балаларға және басқа асыраудағыларға алимент түріндегі табыстар және басқалары);
  5. уәкілетті органның жетім балаларға және отбасыларда тәрбиеленіп жатқан ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқорлықты, патронаждық тәрбиелеуді бекіту туралы шешімі;
  6. Тасқала ауданы Білім басқармасының ұжымдық органының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге демалуға тегін жолдамалар беру туралы шешімінің көшірмесі;
  7. психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның медициналық қорытындысының көшірмесі – даму мүмкіндігі шектеулі балалар үшін;
  8. денсаулық жағдайы туралы анықтама (медициналық төлқұжат) қызмет алушының флюоросуретімен бірге (бар болса).

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жіберу (жолдама).

Қолдану
Бас тарту