Тасқала ауданының әкімдігі
091000, БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі 23

«Қолжетімді әкімдік»

Адам дүкенге шығып, қайта оралмаса, жұмысынан шығып, дағдылы уақытта үйге келмесе, оқу сабақтарынан, дискотекадан кейін келмесе, белгіленген жерге жетпесе - бұл алаңдататын жағдайлардың бәрі де ішкі істер органдарына хабарсыз жоғалған адамды іздестіру туралы өтініш берумен жүгінуге себеп бола алады. Ақыл-ойымыз туысымыз немесе жақын адамымыз үшін әурешілік жағдайында бір шара жасау керек екенін есімізге салады. Тәжірибеде көбінесе жоғалған адамның қайда екені туралы қажетті ақпарат алу үшін оның таныстарына, детоксикация бөлімшелеріне (айықтырғыштар) және басқа медициналық мекемелерге немесе ішкі істер органдарының кезекші бөлімшелеріне қоңырау шалып алу жеткілікті болады. Спиртті ішімдіктерге сүйіспеншілік - адамның уақытын айықтырғышта өткізуіне, күтпеген ауру ұстамасы - госпитализацияға, қызу мінез және құқықтық нигилизм - құқық тәртібі органдарының тарапынан жағымсыз салдарға әкеліп соғуы әбден мүмкін. Медициналық мекемелер пациенттерінің немесе ІІБ ұсталған азаматтарының ішінде жоғалған адамға ұқсайтын тұлға бар болғанын білгеннен соң, оның шын мәнінде де жоғалған адамыңыз болып табылатынына көз жеткізу керек.

Жазылған жоғалу жағдайларына тәуелсіз, өздік іздестірумен бірге мамандарды іздеу ісіне қосу үшін ішкі істер органдарына өтініш беру жөн. Тоғышарлар арасында жоғалған тұлғаны іздестіру жөнінде полицияға жүгінуге тек адам жоғалуынан тек 3 күн өткеннен кейін ғана болады деген қате пікір қалыптасты. Бұл пікір - тек қана таралған адасым.

Адам жоғалуы кезінде қандай әрекет жасау қажет?

Бірінші ретте, еш жағдайда дүрбелеңге берілмеу, парасатты пайым сақтау, өзіңізді барынша сабырлы ұстау қажет - осыны адаспау мен ақылсыздық жасамау үшін қажет, мысалы, қате хабар беру немесе бұрыс адамдарға көмек үшін жүгіну.

Ең алдымен, сіз адамды соңғы рет қашан көргеніңізді, онымен телефонмен сөйлескеніңізді, одан хабарландырудың келгендігін, оны ең соңғы кім көргендігін есінізге түсіру қажет. Бұл ақпаратқа сүйеніп, құқық қорғау органдарына жедел жүгіну керек. Бір, екі, үш сағат - қанша уақыт өткені маңызды емес. Егер сіздің болжамдарыңыз бен дәлелдеріңіз жүгінуінізді ақтаса, оны кешікпей жасау қажет. Полицияға 102 нөмірі арқылы хабарласыңыз. Егер жоғалған адам ауру болса, және оның нашар сезіну мүмкіндігі бар болса, жедел жәрдемге 103 нөмірі арқылы лезде қонырау шалу қажет. Іздестіру жөніндегі өтінішті тұратын жерге немесе жоғалу жеріне тәуелсіз кез-келген полиция бөлімінде беруге болады. Қалай болса да, қажетті нысандылықтардың орындалуынан кейін іздестіру материалдары тура орындаушыға жеткізілетін болады.

Білу маңызды!

  1. Кезекшіге өтініш қабылдаудан бас тартуға тыйым салынған. Сондай-ақ, кезекші адам жоғалуы туралы өтінішті оның жоқ болу ұзақтығына мен болжамды жоғалу жеріне қарамастан жедел қабылдап, оны тіркеуге міндетті.
  2. Осындай өтініш беру үшін уақыт оқшаулары жоқ.

Қағида бойынша, өтініш қабылдау кезінде сізбен қылмыстық іздестіру қызметкері толық сұхбаттасатын болады. Іздестіру шараларының бірінші кезеңінде жоғалған тұлға туралы кез-келген ақпарат маңызды:

  1. оның телефон нөмірлері;
  2. ұялы телефондарының IMEI нөмірлері;
  3. құжат нөмірлері (бар болса);
  4. таныстарының мен достарының мекенжайлары;
  5. Әдеттері мен қызығушылықтары туралы мәліметтер;
  6. Жұмыс орны, қарым-қатынас ортасы, жоғалу жағдаяты туралы мәліметтер;
  7. ерекше белгілері (тұлғаның тыртықтары, меңдері, дене әшекейлері, дене ақаулықтары және олардың орналасу жерлері, есте сақтау қабілетінен айырылуды тудыра алатын жарақаттары), созылмалы аурулары туралы ақпарат, қан тобы.

Онымен қоса, Алматыдағы тәулік бойы жұмыс жасайтын +7 (727) 261-07-97, 272-87-91 (Масанчи көшеcі, 55а) телефон нөмірлері арқылы «Жазатайым оқиғаларды тіркеу бюросіне» жүгінуіңіз жөн. Осы жерге тәулік бойы әр сағат ауруханалардан, жедел жәрдемнен, медициналық айықтырғыштар мен мәйітханалардан ақпарат, сондай-ақ танылмаған мәйіттер мен АІІБ органдарымен ұсталған тұлғалар туралы ақпарат келіп түседі. Адамның дерекқорда бар екені сізге айтылатын болады, алайда, оның орналасу жерін сіз тек полицияның жоғалған адамға байланысыңыз жөніндегі тексерісінен өтуден кейін ғана біле аласыз.

Кеңестер

Cіздің туыстарыңыз бен жақын адамдарыныз, әсіресе балалар мен қарт адамдар, қандай киімде шыққанына әрқашан назар аударыңыз: қайда, кіммен, қай жолмен және қай іспен бағытталады, өздерінде куәландыратын құжаттар бар ма?

Жақындарыңыздың таныстар ортасына, олардың тұратын жеріне, телефондарына көңіл аударыңыз. Балаларыңызды ерекше жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін үйретіңіз. Бейтаныс адамдармен кездесуге тыйым салыңыз, бейтаныс адамның сіздің балаңызбен сөйлесуінің әр факті сізге белгілі болатындай жасаңыз. Сіздің жақындарыңыздың ақшалай салымдарының бар болуы және жылжуы туралы білуіңіз жөн.

Үй альбомында барлық отбасы мүшелерінің және жақын туысқандардың анық және жаңа (әртүрлі ракурсты болса жақсы) фотолардың сақталуы туралы ойлауыңыз жөн.

Жақын адамыңызды ідестіру үшін әуесқой кино және бейнематериалдар қолданыла алады. Сіздің жақындарыңыздың үнемі қолданатын қымбат әшекейлері, сағаттары немесе басқа үнемі қолданатын заттары бар болса, олардың фотобейнелерінің және нөмірлі заттар құжаттарының үйде болғаны жөн. Егер туыстарыңыздың арасында есте сақтау қабілетінен немесе бағыт бақылауынан айырылуға әкеліп соға алатын аурулары бар адамдар бар болса, олардың толық куәландыратын мәліметтері және тұратын мекенжайы (тіркеуі) жазылған жазбаларды салуға немесе осындай мәліметтерді киіміне жапсырып тігуге кеңес береміз.

Қолдану
Бас тарту