Тасқала ауданының әкімдігі
091000, БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі 23

«Қолжетімді әкімдік»

Тұрғын үй көмегі дегеніміз – коммуналдық қызметтердің ақысын төлеуге, тұрғын үйді ұстауға, сондай-ақ жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін кондоминимумның ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалған ақшалай қаражатты мемлекеттің өтеуі. Басқаша айтқанда, егер үйіңіздің тұрғындарынан шатырды, жылу, сумен жабдықтау жүйесін жөндеуге және өзге де шаруашылыққа ақша жиналса, сізге жарналарыңыз қайтарылуы мүмкін.

Көмек кімге көрсетіледі немесе көрсетілмейді?

Қызметті – жиынтық табысы төмен еңбекке жарамды адамдар (соның ішінде толық емес отбасылар) ала алады, яғни:

  1. ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен. 2017 жылға ең төмен күнкөріс деңгейі 24 459 теңгені құрайды;
  2. азық-түлік себеті мөлшерінен төмен (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60%);
  3. кедейлік шегінен төмен (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40%).

Қызметтің мұндай түрін кім ала алмайды?

Жұмыс істей алатын және оқи алатын, бірақ оны қаламайтын адамдар. Мемлекет жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскерде қызмет етпейтін және жұмыссыз ретінде тіркелмеген еңбекке жарамды адамдарға тұрғын үй көмегін беруден бас тартады. Бұл ретте сіз 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға күтім жасайтын немесе 3 жасқа дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын болсаңыз, онда ақшалай көмек алуға үміткер бола аласыз.

Egov.kz порталында қызмет алу

Ол үшін қажетті құжаттар:

  1. ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) алу;
  2. авторизациядан өту және өтініш беру;
  3. сканерленген құжаттардың көшірмелерін қоса беру:
  • отбасының табысы туралы анықтама;
  • тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) ұстауға арналған ай сайынғы жарналар көлемі туралы есепшот;
  • коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған есепшоттар;
  • байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі немесе телекоммуникациялық қызметтер үшін түбіртек-есеп;
  • жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шоттың электронды көшірмесі

Қызмет көрсету мерзімі: 10 жұмыс күні. Мемлекеттік баж төленбейді.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама немесе одан бас тарту туралы дәйекті жауап.

Тіркелген жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК Тасқала аудандық бөлімшесінде (ХҚКО) қызмет алу

Ол үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  1. өтініш;
  2. өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат;
  3. отбасы мүшелерінің алдыңғы тоқсандағы табысы туралы мәліметтер (жұмыс орнынан табысы туралы анықтама);
  4. тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) ұстауға арналған ай сайынғы жарналар көлемі туралы есепшот;
  5. коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған есепшоттар;
  6. байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі немесе телекоммуникациялық қызметтер үшін түбіртек-есеп;
  7. жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шоттың электронды көшірмесі

Қызмет көрсету мерзімі: 10 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама немесе одан бас тарту туралы дәйекті жауап.

Қолдану
Бас тарту