Тасқала ауданының әкімдігі
091000, БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі 23

«Қолжетімді әкімдік»

Ережесі:

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 13 тамыздағы № 441 бұйрығы.

Регламенті:

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден сағат 18.30-ге дейiн, түскі үзiлiсі сағат 13.00-тен 14.30-ге дейін;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде, өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беруді келесі жұмыс күнінде жүзеге асырады).

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны:

www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы

Мемлекеттік қызметті ұсыну үшін құжаттар тізімі :

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою туралы өтініш;
2) әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар жұмыс орнынан анықтама ұсынады;
3) мынадай жағдайларда:
отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай келмейтін болса, өтініш беруші санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы жүргізген санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесін ұсынады;
отбасы тұрып жатқан тұрғын үй белгіленген техникалық талаптарға жауап бермейтін болса, көрсетілетін қызметті алушы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы аттестатталған сарапшының техникалық қорытындысының (тұрғын үйді техникалық тексеру нәтижелері бойынша) көшірмесін ұсынады;
жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екі және одан көп отбасы тұрып жатқан жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы өзі тұратын тұрғынжайдың техникалық паспорты мен құқық белгілейтін құжатының көшірмелерін қосымша ұсынады;
отбасы құрамында кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын науқастар бар, бір үй-жайда (пәтерде) олармен бірге тұру мүмкін болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы тиісті ауру түрін растайтын құжатты қосымша ұсынады.
Ақпараттық жүйеде деректер болмаған жағдайда:
халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар қосымша өтініш берушінің (отбасының) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынын растайтын құжатты, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесіне (мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларды, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген тұлғаларды қоспағанда) соңғы он екі ай ішінде табысы туралы мәліметтерді ұсынады.
Басқа адамдарды өтініш берушінің отбасы мүшелері деп таныған жағдайда, оларды өтініш берушінің отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімінің көшірмелері ұсынылады.
Осы Қағидаларда көрсетілген құжаттарды жаңарту, өзгерту немесе толықтыру үшін өтініш беруші порталға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ осы Қағидаларда көзделген қажетті құжаттарды негіздер пайда болған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде не ұялы телефонға sms-хабарлама алған сәттен бастап ұсынады.

Мемлекеттік қызметті ұсыну мерзімі:

Көрсетілетін қызметті беруші "Кезекте тұрғандарды есепке алудың бірыңғай ұлттық жүйесі" ақпараттық жүйесіне өтініш түскен сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей оны қарайды

Қолдану
Бас тарту