Тасқала ауданының әкімдігі
091000, БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі 23

«Қолжетімді әкімдік»

Қауіпті өндірістік нысандарда апаттар мен төтенше жағдайлардың пайда болуына жол бермеу үшін осы кәсіпорындардың басшылары мен қызметкерлері өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелерінде білікті болуға тиіс, осыған байланысты олар мемлекеттік аттестациялаудан өтеді.

Портал арқылы аттестациялаудан өтуге құжат тапсыру

Сіз www.elicense.kz порталында аттестациядан онлайн өтуге құжат тапсыра аласыз.

Ол үшін сізге қажет:

  1. ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) алу;
  2. www.elicense.kz порталында тіркелу және авторизациядан өту;
  3. өнеркәсіп саласы мен жүзеге асыратын қызмет түрін көрсете отырып, өтініш беру. Өтінішке мына құжаттардың электрондық көшірмелері тіркеледі:
  • ұйымның өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытынды;
  • өнеркәсіптік қауіпсіздік, материалдық техникалық  база талаптарын білу тұрғысында тексеруден өткен мамандардың білікті құрамы туралы мәліметтер.

Қызметті көрсету мерзімі: 15 жұмыс күні. Мемлекеттік баж төленбейді.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат немесе қызмет көрсетуден бас тартқаны туралы негізделген жауап.

Уәкілетті органға немесе «Азаматтарға арналған Үкімет» МК аттестациядан өтуге құжат тапсыру

Тасқала ауданы Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Департаментіне немесе ДК немесе ЖШС тіркелген жері бойынша Тасқала ауданы «Азаматтарға арналған Үкімет» МК аудандық бөліміне құжат тапсыру кезінде келесі құжаттар ұсынылу керек:

  1. жеке басын куәландыратын құжат;
  2. өнеркәсіп саласы мен жүзеге асыратын қызмет көрсетілген өтініш;
  3. ұйымның өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындының электрондық көшірмесі;
  4. өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын, материалдық-техникалық базаны білу тұрғысында тексеруден өткен мамандардың білікті құрамы туралы электрондық құжат нысанындағы мәліметтер.

Қызметті көрсету мерзімі: 15 жұмыс күні. Мемлекеттік баж төленбейді.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат немесе қызмет көрсетуден бас тартқаны туралы негізделген жауап.

Қолдану
Бас тарту