Тасқала ауданының әкімдігі
091000, БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі 23

«Қолжетімді әкімдік»

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер өрттің алдын алу және оны сөндіру, апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстарды жүргізу бойынша жұмыстрады атқару үшін мемлекеттік аттестациядан өтуге тиіс.

Өртке қарсы және апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуге аттестат алу үшін мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің басшысы ретінде сіз уәкілетті органға портал арқылы құжат тапсыра аласыз.

Портал арқылы аттестациядан өтуге құжат тапсыру

Сіз аттестациядан онлайн өтуге www.elicense.kz порталында құжат тапсыра аласыз.

Ол үшін сізге қажет:

  1. ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) алу;
  2. порталда тіркелу және авторизациядан өту;
  3. құжаттардың электрондық көшірмелері тіркелген өтініш беру:
  • өрт сөндіру автомобильдерін міндетті техникалық тексеруден өткені туралы куәлік;
  • өрт сөндіру автомобильдерінің өрт сөндіруге дайындығын техникалық тексеру актілері;
  • мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің ұйымдық-штаттық құрылымы;
  • қызметкерлерді тағайындау туралы бұйрықтардан үзінді көшірмелер;
  • мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің мемлекеттік өртке қарсы қызмет немесе мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелерінде атқарған еңбек қызметін растайтын құжаттар;
  • мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің білімі туралы дипломдары және аттестаттары;
  • мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің лауазымдық санатына қарай өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталықтарында арнайы даярлаудан (қайта даярлаудан) өткенін және біліктілігін растайтын сертификаттар және куәліктер;
  • қызметкерлердің 086/у нысанындағы медициналық анықтамалары (тіркелген жердегі емханадан немесе басқа медициналық мекемеден алынған), қызметкерлердің мемлекеттік емес өртке қарсы қызметте жұмыс істеуге жарамдылығын растайтын олардың психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерден анықтамалары;  
  • қызметкерлерді, өрт-құтқару техникасы, құрал-жабдықтар мен саймандарды орналастыруға арналған ғимараттың немесе үй-жайдың болуын растайтын құжаттар (аталған нысандар қызмет көрсетуді алушының балансында болмаған жағдайда ұсынылады).

Қызметті көрсету мерзімі: 15 жұмыс күні. Мемлекеттік баж төленбейді.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: ұйымдарда, елді мекендерде және нысандарда өрттің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және апаттық құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыс жүргізу құқығына аттестат.

Уәкілетті орган арқылы аттестациядан өтуге құжат тапсыру

Аттестациядан өтуге құжат тапсыру кезінде сіз Тасқала ауданы Төтенше жағдайлар департаментіне келесі құжаттарды тапсыруыңыз керек:

  1. белгіленген нысан бойынша өтініш;
  2. өрт сөндіру автомобильдерінің міндетті техникалық тексеруден өткені туралы куәліктердің көшірмелері;
  3. өрт сөндіру автомобильдерінің өрт сөндіруге дайындығына техникалық тексеруден өту актілері;
  4. мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің ұйымдық-штаттық құрылымы;
  5. қызметкерлерді тағайындау туралы бұйрықтардан үзінді көшірмедер;
  6. мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің мемлекеттік өртке қарсы қызмет немесе мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелерінде атқарған еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері (еңбек кітапшалары);  
  7. мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің білімі туралы дипломдарының және аттестаттарының көшірмелері;  
  8. мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің лауазымдық санатына қарай өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталықтарында арнайы даярлаудан (қайта даярлаудан) өткенін және біліктілігін растайтын сертификаттардың және куәліктердің көшірмелері;
  9. қызметкерлердің медициналық анықтамаларының (086/у нысандарын тіркелген жердегі емханадан алуға болады) көшірмелері, қызметкерлердің мемлекеттік емес өртке қарсы қызметте жұмыс істеуге жарамдылығын растайтын олардың психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерден анықтамалары;
  10. қызметкерлерді, өрт-құтқару техникасы, құрал-жабдықтар мен саймандарды орналастыруға арналған ғимараттың немесе үй-жайдың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері (аталған нысандар қызмет көрсетуді алушының балансында болмаған жағдайда ұсынылады).

Қызметті көрсету мерзімі: 15 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: ұйымдарда, елді мекендерде және нысандарда өрттің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және апаттық құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыс жүргізу құқығына аттестат.

Қолдану
Бас тарту